» » Қарымбай Қошмамбетовтың 120 жылдығына арналған ауқымды конференция өтті

Қарымбай Қошмамбетовтың 120 жылдығына арналған ауқымды конференция өтті

 М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қарымбай Кошмамбетовтың 120 жылдығына орай «Тұғыры биік тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Жамбыл облысының қоғам қайраткерлері, Қырымбай Кошмамбетовтың туыстары, университеттің профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.Бұл туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Жиынды университет ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков ашты. Одан кейін бұрынғы ҚР Парламенті  Сенатының төрағасы, э. ғ. д Өмірбек Байгелді сөз сөйледі. Конференцияда бірінші болып баяндаманы университеттің бірінші проректоры Асқар Абдуалы бастады. Ол өз баяндамасында Қ. Қошмамбетовтың қызметіне талдау жасап, Тараз қаласындағы Н.К.Крупская атындағы №3 орта мектеп мектебінің атауын өзгертіп оған Қ. Қошмамбетовтың есімін беруді ұсынды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының "Қазақстанның кітаптары"атты бөлімінің меңгерушісі Мадина Жаркналова, Қырымбай Қошмамбетовтың шөбересі Айтуар Кошмамбетовте баяндама жасады.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы конференцияға белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., Ермекбай Серикбаев, т.ғ.д., Жанна Сейткұлова, т.ғ.д., доцент Сейдехан Бақторазов пен тағы басқалары «Қ. Қошмамбетов – Әулиата уезіндегі ашаршылықпен күрес комитеттін құрушы», «ХХ ғ. 20 жылдардағы Әулие ата уезіндегі Қ. Қошмамбетовтың қоғамдық-саяси қызметі», «Қарымбай Қошмамбетов феномені» тағы да басқа тақырыптарда баяндамалар жасалды. Жиын соңында студенттер баяндамашыларға сұрақтар қойып, оған тұщымды жауаптар алды.

25 қазан 2017 г. 2 492 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 941 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031