«Туған елге тағзым – 2020» жеңімпазы атанды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Нұржанқызы «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану-зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының желілік байқауында «Туған жер - тұғырым» номинациясы бойынша ең үздік эссе-нің авторы атанды.
Оқушының шығармашылық жұмысы Қазақстанның таңғажайып табиғатына, атап айтқанда Шарын шатқалына арналды. «Шарын шатқалының музыкасы» - деп Шұғыла өзінің эссесін осылай атады.
- Әр адамның туған жері- отбасымен, туғандарымен қатар тұратын теңдессіз мекен. Саналы әрбір азамат туған жерінің топырағынан нәр алып, суымен сусындайды, қасиетін бойына сіңіріп, қолынан келгенше парызын өтеуге тырысады. Туған елге деген махабаттық сезімім «Музыка Чарынского каньона» деген өзімнің эссемде көрініс тапты, - дейді автор.
Белді қазылар алқасының құрамында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынан филология ғылымдарының кандидаттары Айгүл Хабиева и Айнұр Сейтбекова, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Марғұлан атындағы институттың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Талғат Мамиров, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Бозок» тарихи-мәдени мұражай қорығының бас инспекторы Қажымұрат Төлегенұлы болды. Олардың барлығы қашықтан ұйымдастырылған экспедицияда қатысушылар жоғары зерттеу дағдыларын дәлелдейтін көлемді жұмыс атқарғандарын атап өтті.⠀
⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы NIS-тің әлеуметтік жобалары қатарында айрықша орын алатынын баса айтты, оның әрбір қатысушысы өзін жеңімпаз санауға толық құқығы бар, себебі олар өз елінің тарихи, археологиялық, мәдени, архитектуралық, индустриалдық көрнекі орындарын зерттеді.⠀