» » Елордалық NIS-тің қос бірдей педагогы «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды

Елордалық NIS-тің қос бірдей педагогы «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды

Елордалық NIS-тің қос бірдей педагогы «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі

Еліміздің білім беру саласындағы мұғалімдерді қолдау мақсатында өткізілген «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық байқауда Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Гүлмира Абишева және Зивагуль Кабылдина бақ сынап, жеңімпаз атанды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, эксперименттік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Абишеваның шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп келе жатқанына 32 жыл толып отыр.

  • Ең алдымен, бұл байқауда үздік атанғанымды естігенде, асқан қуаныш сезімінде, еңбегім бағаланып жатыр деген ойда болдым. Аталған сайыста жас мұғалімдердің көптеп қатысуы, үздік мұғалім атануға деген ұмтылыстары көз қуантады. Менің ойымша, педагогтың бойында өз мамандығына деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық, тіл табысқыш және заман ағымына бейім қасиеттері болу керек, - дейді Гүлмира Ерболатқызы.

Ал мектептің жаны – мұғалім деп білетін педагог-ұйымдастырушы-куратор Зивагуль Кабылдина мектептің жандануы мұғалімге байланысты дейді:

  • Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ. Яғни, мұғалім білімді, білікті, еңбекқор болса, ол мектептен оқушылар сапалы білім алып шығатыны хақ. Мектепке ең әуелі педагогика, әдістемені жақсы меңгерген, парасатты, бала оқытуда сабаққа да қызықтыратын, тәлім-тәрбие де беретін мұғалім қажет. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – педагог.
  • Осы орайда, байқауға қатысып, мектептің сәл де болса мерейін асырып, оқушыларымыздың арқасында еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымын.  

Байқау шарты бойынша Гүлмира Абишева және Зивагуль Кабылдина білім саласындағы жұмыстарын, өз портфолиоларын, өткізген ашық сабақтарының бірін жолдап, жоғары бағаға ие болды. Байқаудың жеңімпаздары білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі және «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атанғаны үшін арнайы тағайындалған «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталып, қатысушыларға «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, куәлік және І дәрежелі дипломдар табысталды.

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқау Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттауды мақсат тұтады.



Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
07 қыркүйек 2021 г. 3 278 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 100 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 836 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930