» » 220 «Алтын белгі» иегері білім гранттарынан айырылды

220 «Алтын белгі» иегері білім гранттарынан айырылды

 Қазақстанда 200-ден астам «Алтын белгі» иегерлері жоғарғы оқу орнында тегін оқу құқығынан айырылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп хабарлайды.

 Олардың ата-аналарының мәлімдеуінше, Білім министрлігі олардың сертификаттарын жоққа шығарған.

Абитуриенттердің сөзіне қарағанда 200-ден аса оқушы тегін білім алу мүмкіндігінен айырылған.

«Мен Назарбаев мектебінің түлегімін. Тестілеуден 122 балл жинадым. «Алтын белгі» иегерімін. Маған Асфендияров университетіне түскенімді хабарлаған болатын. Ал енді олар гранттарды жойғанын айтып жатыр. Бұл неткен сұмдық...»-дейді Асем Есмұратова есімді абитуриент.

Аталған университетте Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 220 гранттың күші жойылғанын айтты. Алайда оның себептері нақтыланбаған. Олардың 70-і С.Асфендияров атындағы медициналық университетке тиесілі.

Осы мәселе жайында, Білім министрлігінің өзінде тегін білім беру сертификаттарының күшін жою туралы ведомствада ешкім бұйрық бермегенін жеткізген.

24 тамыз 2017 г. 4 409 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 250 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031