» » 2018 жылы мектеп бағдарламасына дін тақырыбындағы жаңа оқулық енгізіледі

2018 жылы мектеп бағдарламасына дін тақырыбындағы жаңа оқулық енгізіледі

 Қазақстандағы мектеп оқушылары «Қоғам және дін» атты жаңа оқулықтармен қамтылмақ.Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 «Білім және ғылым министрлігімен бірлесе «Қоғам және дін» деген жұмыс атауымен жаңа оқулық бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Кітап мектеп бағдарламасына енгізілетін болады. Онда әлемдік діндер мен мемлекеттің өркениетіне қатысты білім беруде ғылыми контент күшейтілген»,-деді Ермекбаев. Осы орайда ведомство басшысы оқулық алдағы оқу жылының екінші жартысына немесе 2018-2019 оқу жылына әзірленетінін атап өтті. Сонымен қатар ол сайттарды мониторингілеуден бөлек, кітаптарды сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын сөз етті. «2017 жылы сараптамадан 1,5 мыңнан астам осындай нысан өтті, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі кітапхана қоры да бар, яғни бас бостандыған айыру орындарындағы кітап қоры талдаумен қамтылды. Ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінде деструктивті мазмұндағы 13 кітап анықталды»,-деді министр.


28 тамыз 2017 г. 2 438 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 248 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031