» » ОҚО: ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсеткен аудандық білім бөлімінің басшысы өз еркімен қызметінен кеткен

ОҚО: ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсеткен аудандық білім бөлімінің басшысы өз еркімен қызметінен кеткен

 Оңтүстік Қазақстан облысында Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Майхан Нақыпов мұндай қадамға ҰБТ тапсырған түлектердің нашар көрсеткіш көрсеткен соң барған. Бұл туралы аудандық білім бөлімінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   Мұғалімдердің басын қосқан жиында мәлім болғандай, Ордабасы ауданының биылғы түлектерінің орташа балы 64,3 пайызды құрап, облыс бойынша соңғы 15-ші орынға тұрақтаған. Осыған байланысты аудандық білім бөлімінің меңгерушісі орнын босатты. Жалпы  ауданда  65 білім ошағы бар болса, соның 45-і орта мектеп саналады. Осы 45 мектептің 10-ы орташа балдан төмен көрсеткіш көрсеткен. Ал, Сәтбаев, Мақташы, Оңтаев, Дулати және Оразбаев мектептері оқушыларының орташа балы шектік 50 балға да жете алмаған. Осыған байланысты  соңғы орындағы 10  мектептің директорларына шара қолдану көзделіп отыр. Жалпы, мектеп бітірушілердің төмен балл алуын сала мамандары ҰБТ-ға енгізілген жаңалықтармен байланысты деп түсіндіреді. «Алдыңғы жылы біз 9-орында болғанбыз. Биыл төмен болғанының себебі формат өзгерді. Сонымен бірге жаңа форматқа дайындау үшін  бізге тест сұрақтары кеш келді. Бізге наурыз айынан бастап жаңа форматтағы тест сұрақтарымен 2 ай 3 ай көлемінде ғана дайындалдық», - дейді Ордабасы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мухитбек Сәрсенбеков. Айта кетейік, Майхан Нақыпов білім бөлімінің басшысы болып соңғы 3 жылда қызмет еткен. 


04 қыркүйек 2017 г. 2 889 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 241 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031