» » Білім министрлігі қандай мұғалімдердің жалақысын көтеретіндерін түсіндірді

Білім министрлігі қандай мұғалімдердің жалақысын көтеретіндерін түсіндірді

 Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім мекемелері қызметкерлерінің жалақы алу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

 Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оған сәйкес сабақты ағылшын тілінде түсіндіре алуға қабілетті мұғалімдердің базалық міндетті жалақысына үстеме ақша төленеді.

“APTIS, IELTS, TOEFL, В1-Intermediate, B2-Upper-Intermediate немесе C1-C2-Advanced деңгейлерінің бірі бойынша сертификатқа ие, физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіре, оқыта алуға қабілетті мұғалімдерге міндетті жалақысынан бөлек 200 пайыз мөлшерде қосымша ақы төленеді”, – делінген бұйрықта.

Бұл бұйрық 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген. Себебі биылғы оқу маусымынан бастап бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша сынақтық жүйе басталып кетті. Сынақ нәтижесі бойынша пәндерді ағылшын тілінде оқытудың нақты кестесі бекітіледі.

Дереккөз:stan.kz.
08 қыркүйек 2017 г. 9 570 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 265 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 624 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031