Қазақстан білім алуға мүмкіндік беретін елдер тізімінде
Білім беру депозиттері: Қазақстан болашақта білім алуға мүмкіндік беретін елдер тізімінде, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіби-техникалық, жоғары білім ақысын төлеуге болатын, өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашу.
Аталған жинақтау жүйесі ҚР-ның әрбір азаматына балаларын қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту үшін жинақтаушы депозит ашу мүмкіндігін береді. Бұл депозитке 14%-ға дейін банктің пайыздары түсіп тұрады.
Сондай-ақ, салымшылар мемлекеттің 7 пайыздық (тұрғындардың осал тобы) немесе 5 пайыздық (басқа да тұрғындар) мемлекеттік үстемақысын алу мүмкіндігіне ие.
Бүгінгі күні 16,8 млрд теңге соммасына 19 мыңнан астам салымшылар тіркелген. Атап айтсақ, 2015 жылдың ақпан айында 4,7 млн теңге көлемінде мемлекеттің алғашқы үстемақысы төленген, ал 2016 жылы бұл сомма – 325,6 млн теңге болса, 2017 жылы – 458 млн теңгені құрады.