» » Сырттай оқу жүйесі 2019 жылдан бастап тоқтатылады

Сырттай оқу жүйесі 2019 жылдан бастап тоқтатылады

Қазақстанның жоғары оқу орындары сырттай оқу формасын 2019 жылдан бастап тоқтатады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.


Министрдің мәліметінше, мұндай норма ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейтуге қатысты заңнамалық түзетулерде қарастырылған. Сырттай бөлімдерде оқып жатқан студенттерге оқуын аяқтауға мүмкіндік беріледі.


Министрліктің мәліметінше, қолданыстағы норма бойынша сырттай бөлім бағдарламасын студенттерінің 65%-ы ғана игереді. Соған қарамастан оқу үлгерімі жақсы студенттер де, қалғандары да бірдей диплом алып, еңбек нарығына келіп жатыр. Сонымен бірге күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ, бірақ білім алғысы келетін қазақстандықтар да бар. Олар үшін келешекте қашықтан оқыту жүйесі енгізіледі. Мұндай жүйемен білім алатындар бағдарламаны 100% игереді.


Қазақстанда сырттай оқу жүйесіне 2010 жылы шектеу енгізілген еді. Сол жылдан бастап мұндай бөлімдерге тек жоғары немесе орта арнаулы білімі бар талапкерлер қабылданды. Сырттай оқу бөлімінде мамандықтар тізімі де қысқарған еді, айталық, медицина, ветеринария, құрылыс мамандықтары бойынша жоғары білім тек күндізгі бөлімдерде беріледі.

16 қазан 2018 г. 1 996 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 987 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031