» » Білім министрлігі келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Білім министрлігі келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

2019 жылдан бастап балабақша меңгерушілерінің, тәрбиешілер мен әдіскерлердің жалақысы өседі. Сондай-ақ, мектеп директорлары мен орынбасарларының еңбекақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Edunews" AA Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Асылованың айтуынша, Қазақстан президентінің жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2019 жылдан бастап білім саласына жұмсалатын шығыстар ұлғайтылады. 

"Келесі жылдан бастап 2023 жылға дейін білім саласындағы шығыстар ұлғайтылады. Бізге бөлінетін қаражат аясында 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілерінің жалақысын өсіру жоспарланып отыр. Бұған қоса, "педагогтардың мәртебесі" туралы заң аясында мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын көбейту көзделген. Сондай-ақ, ұстаздарды қолдау мақсатында сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру бойынша қосымша ақы төленеді", — деді вице-министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, тәрбиешілер, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілері үшін 30-дан 50 процентке дейін үстемақы енгізіледі.

"Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жол картасын әзірледік. Жұмыс тобы құрылуда. Бізде орта мектеп мұғалімдері үшін ұлттық біліктілік тесті дайын. Қазір енді тәрбиешілердің ұлттық біліктілік тестіне кірісеміз. Балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілері үшін үстемақы енгізіледі. 30-дан 50 процентке дейін. Ұлттық біліктілік тестінің қорытындысы бойынша еңбекақылары өседі. Осындай ауқымды жұмысты бастап жатырмыз", — деді Суханбердиева.

09 қазан 2018 г. 2 142 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930