Назарбаев зияткерлік мектептерінің конференциясына 2 мыңнан астам ғалым келді
Жаңа дәуір мектептерінің түлектері болашақта сұранысы жоғары мамандықтарға мейілінше тез дағдылана білуі қажет. деп хабарлайды "Edunews.kz" АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Назарбаев зияткерлік мектептерінің 10-халықаралық конференциясында айтылды. Конференцияға алыс-жақын шет мемлекеттерден 2 мыңнан астам ғалым мен мұғалімдер келді. Олардың қатарында Кембридж және Гонконг университеттерінен, Лондон университеттік колледжінен құрметті профессорлар мен жоғары білікті мамандар бар. Келелі жиын 20 бағытта жұмыс жасап, алдағы 2 күн ішінде 50-ден астам шара өткізіледі. Айта кетейік, соңғы 8 жылда конференция отандық және жаһандық білім саласының ең түйткілді мәселелерін талқылайтын беделді алаңға айналып отыр.
Осы категория бойынша: « Б.Смағұл: Қазақстан бойынша 6 мың адам әскер қатарынан қашып жүр Алматы облысында ұлттық парктерді цифрландыру басталды »