» » Неге адамдар әртүрлі

Неге адамдар әртүрлі


                                                         

                 




                                  

Мақсаты:

(оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.7.1  –  дүниежүзі  халқының  нәсілдік  құрамын  және  негізгі  нәсілдер  мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау

5.0.0.2 – нәсілдік белгілердің қалыптасу түрткіжайттарын анықтау

5.2.7.3 – нәсілдер теңдігін дәлелдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Әлем халқының нәсілдік құрамы мен негізгі нәсілдер және нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау.

Басым көпшілігі:

Нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын түсіндіру, ұғымдарды саралау, дерек көздермен жұмыс жасай алу.

Кейбірі:

Нәсілдердің теңдігін дәлелдеп, олардың таралу аймақтарын ажырата білу.

Міндеттері:

Пәндік нәтижелер

Білімдер мен дағдыларды қалыптастыру:

«нәсілдер» ұғымын, олардың ерекше айырмашылықтарын, шығу тегінің бірлігін және биологиялық теңдігін зерттеу;

  •  

Дағдыларды қалыптастыру:

  • әртүрлі ақпарат көздерімен топтық жұмыс жасау барысын- да оқушылардың оқу-зерттеу, ақпараттық және коммуника- тивтік біліктерін дамыту.

Жеке нәтижелер

  • сыныптастарының пікіріне құрметпен қарауды тәрбиелеу;
  • түрлі нәсіл өкілдеріне сыйластықпен қарау.

Құндылықтарға баулу

Жалпы адамзаттық құндылықтар: Отансүйгіштік, адамгершілік

Ұлттық құндылықтар: Ұлттық бірлік, тілдің біртұтастығы, ұлт тарихы мен салт-дәстүр, ұлттық қауіпсіздік, меймандостық.

Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір бірімен пікір алмасады, пікірталас, диалогке қатысады.

Тыңдалым-жазылым: Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология: Адамзат популяциясы, нәсіл, этнос, ұлт, теңдік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Не себепті нәсілдер дүниежүзінде әркелкі таралған?

Нәсілдерді сыртқы келбетінің әртүрлі болуына климаттың әсері бола ма?

Пән аралық байланыс

Тарих – нәсілдердің пайда болу және таралу тарихы.

Биология – нәсілдердің биологиялық тұрғыдан топтарға бөлінуі.

Қазақ тілі – тапсырма орындауда мәтінмен жұмыс.

Алдыңғы білім

Қазіргі картаны кім жасады?

Күтілетін нәтиже:

Сыни-тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушының белсенділігі артады, қызығушылығы оянады, алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді.

Бағалау критерийлері:

Топ басшының бағалау парағы.

Бағалаудың алты қағидасы.

  • Маңыздылық
  • Дәлдік (адекваттылық)
  • Объективтілік (дәлелділік)
  • Оқудың ажырамас бөлігі
  • Жариялылық
  • Қарапайымдылық

Оқыту әдістері:

Топқа бөлу, «Бинго» әдісі,«Кім тапқыр?» әдісі., «Мьюнстенберг» әдісі. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. «Ой қозғау» әдісі, «Адам сызбасы» әдісі,«Тілек ағашы» әдісі

 Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың

Жоспарланған

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

 

Ұйымдастырушылық 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

Ұйымдастырушылық кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта жақсы көңіл – күй орнату үшін

«ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ»

Топтарға бөлу.

Қорапшаның ішінде жасырынған кәмпит түстері арқылы бөліну.

1. Қызыл түс- «Еуропалық»

2. Көк түс-«Экваторлық»

3. Жасыл- «Моңғолоидтық»    болып топтасады.

 

Бағалау критерийлерімен танысу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Бинго» әдісі арқылы стикерде жазылған сандар арқылы сұоақтарға жауап беру

«Кім тапқыр?» әдісі. Адасқан суреттер арқылы әр суреттің бөлігін құрастыру (Мозайка) әр топтан топ басшысы шығып 3 түрлі қораптың біреуін таңдап, ішіндегі суретті топпен құрастырады Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Неге адамдар әр түрлі?» сабағымыздың мақсаты: нәсілдік белгілердің қалыптасу түрткіжайттарын анықтау,«нәсілдер» ұғымын, олардың ерекше айырмашылықтарын, шығу тегінің бірлігін және биологиялық теңдігін зерттеу,

Нәсілдер туралы презентация және оқулықтағы мәліметпен танысайық.  Ал енді, жер шарындағы нәсілдердің айырмашылығы неде және ол неге байланысты екенін білу үшін әрбір топ басшылары  ортаға келіп тапсырмалар салынған конвертті алуы керек. «Мьюнстенберг» әдісі.

Қызыл конверт – «Еуропалық»       

Көк конверт –. «Экваторлық»

Жасыл конверт – «Моңғолоидтық»   

      Осы тапсырмалар туралы сипаттама даярлап, қорғау керек. (қосымша мәлімет және АКТ пайдалануға рұқсат беріледі)

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Постермен жұмыс. Топаралық бағалау критерийлері арқылы жүргізіледі. Постер құрудағы талаптар:

  • Жүйелілігі
  • Ұқыптылығы
  • Түсініктілігі

Апам үшін күнде мен (әндете)

Отынға ағаш жарамын (ағаш жарғандай)

Су құямын гүлге де (гүлге су құйғандай)

Дүкенге де барамын (қолдарына сөмке ұстап жүру)

Сыпырамын үй-ішін (сыпырғандай)

Жуам ыдыс-табақты (ыдыс жуғандай)

Жылай қалса бөпемді  (бөпені ұстағандай)

Жұбатамын ойнатып (қолдарын шапалақтайды)

Үндіс аңызы бойынша Құдайлар адамдар мүсінін саз балшықтан,оларды пеште күйдірген. Ал енді сұрақ-қызыл-қоңыр, қара, ашық қызғылт түсті мүсінді қалай жасады деп ойлайсыздар.

Жауап:  Құдайлар адамдар мүсінін саз балшықтан,оларды пеште күйдірген. Осыдан кейін олар қызыл қоңыр түске айналған, бұл үндістер еді. Бірақ бір жол олар әңгімелесіп отырып, оларды уақытылы оттан алуды ұмытып кетеді, сөйтіп мүсіндери қарайып күйіп, осылайша терісі қара африкалықтар пайда болады. Содан кейін Құдайлар өз жұмыстарын қайта бұзып алудан, мүсіндерді күйдіріп алудан қорқып, асығады. Бұдан келіп ашық қызғылт түсті еуропалықтар шығады.

Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру

Қорапша, кәмпит, топ аттары

 Топта жұмыс істеудің алтын ережесі:

1.         Мұғалім берген тапсырмаларды мұқият тыңдау

2.         Бір-бірінін пікірін сыйлау тыңдау.

3.         Уақытты үнемдеу

4.         Топ ынтымақтастығы

5.         Достық қарым-қатынас

6.         Оқулықты дұрыс пайдалану

Бағалау парақшасы

Акт, бинго әдісі бар слайд, сандар жазылған стикерлер

3түрлі қорапша,ішінде

қима қағаз нәсілдердің суреттері

Қызыл, көк, жасыл түсті ішінде тапсырма бар конверт

(Постер) бояу карандаштар, А3 қағаз, тапсырмалар салынған конверт және т.б.

Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздік қорын байыту,ой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу, әрдыбысты толықтай меңгер,пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Ауада ұшып тұрған шарларды алып «Ақпыз,қара, сарымыз,ағайынбыз бәріміз» деген сөйлемді шығады. Адамның түсіне, түріне, нәсіліне, ұлты,тілі,діні,әлеуметтік дәрежесіне қарамастан,республика азаматтар

ының құқықтары мен еркіндігінің теңдігі бір.

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беруді ұсынады.

Аты-жөні

Бөлім аты

Бағалау


 




 

Топ басшылардың бағалауына сөз береді.

Бағалау парағы

Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүргізіледі.

Кері байланыс: «Адам сызбасы» әдісі арқылы

Мен бүгін сабақты меңгердім-толық

Мен жартылай түсіндім-жартылай

Мен сабақты түсіндебедім-тек аяғын бояйды

«Тілек ағашы» әдісі арқылы  сабақтан алған әсерлерін, тілектерін жазу арқылы білдіру

Әр топқа жеке тапсырма беріледі:

1-топ: Кроссворд құрау

2-топ: Эссе

3-топ: Тест құрап келу (10 сұрақ, жауаптарымен)

Өзін-өзі бағалау, топ басшысының және мұғалімінің бағалауының қорытындысын күнделікке баға ретінде қойдыру

Адам сызбасы бар сурет, бояу карандаштар,

Стикер-жапыстырма қағаз. ,тілек ағашы бейнеленген плакат.

Үй тапсырмасын күнделікке жазу

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып АКТ құралы интербелсенді тақтаны денсаулыққа зияндылығын және нормативке сай 20 минут қолдану.

Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қадағалау.








 


АҚНИЕТ АЙҒАНЫМ
№1 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ
БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ
17 қаңтар 2019 г. 3 613 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930