» » Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын арттырады

Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын арттырады

 Алдағы 5 жылда Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын 200-ге дейін арттырады. Қазір көрші елде білім алып жатқан 14 мыңға жуық студенттің 1 100-і тегін оқиды.Бұл туралы Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасай отырып, stan.kz хабарлайды.

 Бұл екі ел арасындағы достықты арттырып, өзара түсіністікті тереңдете түседі. Екі апталық жазғы лагерьге барған қазақстандық оқушыларды қабылдаған Қытай Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюнь осылай дейді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты жалғайтын жастардың өзара түсіністігі маңызды.

Бұл күндері Қазақстанның әр қаласынан жиналған оқушылар Қытайда жазғы демалыста жүр. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар қаласынан келген жасөспірімдер Үрімші, Бейжің, Харбин қалаларында болып, жергілікті мәдениетпен танысады, оқу орындарын аралайды. Жалпы Қытайдың Білім министрлігі 2014 жылдан бері ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің оқушыларын жазғы лагерьге шақырып келеді. Бұған дейін бұл елде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстанның оқушылары тегін демалып қайтқан.

“Қазақстан біздің батыстағы ең үлкен көршіміздің бірі. Қытайда мынадай бір жақсы сөз бар: «Алыстағы туысыңнан іргедегі көршің артық» деген. Бүгінде Қытайға келіп жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан студенттердің саны 14 мыңға жетсе, сіздерге барып оқитын қытайлық жастардың да саны жыл санап артып келеді”, – дейді ҚХР Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюнь.

Бұл жолы Қазақстаннан келген 138 адам елдің әр аймағын көрді, жақыннан танысты. Біз бұл шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

“Оқушылардың жолдарын ата-аналар өздері көтеріп отырса, Қытайдағы барлық жүріп-тұруы, қала арасындағы ұшып-қонуы тегін. Сырттағы елдің мәдениетін таныса, екі ел арасындағы достықты әрі қарай жалғастыру осы өсіп келе жатқан жастардың қолында”, – дейді Астана қаласы білім басқармасының бас маманы Асыл Аманкелдиева.

28 тамыз 2017 г. 1 851 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 554 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930