» » Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды (ВИДЕО)

Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды (ВИДЕО)

  
























  Витастың «Опера 2» әнін орындап, көпті таңғалдырған 12 жастағы Мұхамбетәли Қалауов атақты әнші болуды армандайды. Ол қазір Димаш Құдайбергеннің әндерін орындап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі.
 Витастың «Опера 2» әнін орындаған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде тұратын Мұхамбетәли Қалауов қазақстандықтардың ықыласына бөленуде. Жас таланттың ән айтқан видеосын әлеуметтік желі пайдаланушылары бір-бірімен бөлісіп, 7-сынып оқушысына ақ жол тілесуде. «Мен Димашқа еліктеймін. Бірақ одан да күшті әнші болғым келеді. 3-сыныпта оқып жүрген кезде Байғанин аудандық музыкалық мектебінің домбыра сыныбына оқуға түстім. Қазір бірнеше күйді тарта аламын, нота білемін. Ал Витастың «Опера 2» әнін интернеттен көріп, жаттап алдым. Әнді жиі айтып, дауысымды жаттықтырдым. Жоғары диапазонда айтылатын әндерді ұнатамын»,- деді Мұхамбетәли Қалауов.
      Молыбай Өтеумағамбетов пен Ақалтын Қаймақованың бес баласы бар. Балаларының бірі қаза болып, отағасы Молыбай Өтеумағамбетов те көз жұмды. Отбасының кенжесі Мұхамбетәли ол кезде 11 айлық болған. Әкесін тек сурет арқылы танитын бала қазір үлкен сахнаны бағындыруды армандап жүр. Алдымен музыкалық білімін жетілдіруді мақсат еткен. «Әкем ән айтқан, анам да айтады. Үйде ағам да әнші. Мен ірі жобаларға қатысып, байқауларда бақ сынағым келеді. Бұған дейін облыстық байқауларға қатысқан емеспін. Шағын видео интернетке салынған соң ауылда мені танып, үлкендер суретке түсіп жатыр. Бұл қызық екен. Мен болашақта әнші, биші, күйші болғым келеді»,- деді М.Қалауов. Қарауылкелдідегі бауырын Ақтөбе қаласына алып келген Әйгерім Өтеумағамбетова інісін музыкалық мектепке беруді ойлап отыр. Ол інісінің тойда емес, сахнада ән айтқанын қалайды. «Әкеміз Молыбай Өтеумағамбетов театр әртісі болған. «Әке тағдыры» қойылымында ойнады. Жетістіктері мол еді. Інім Бектас Өтеумағамбетов те ән айтып, 2012 жылы «Жас дәурен» байқауынан екінші орын алды. Анамыз Мұхамбетәлиді 39 жасында дүниеге әкелді. Кішкентайынан елгезек, өнерге жақын. Билейді, көңілді тапқырлар клубына қатысып, ең үздік ойыншы атанды. Пародияны жақсы салады. Кәсіби әнші болуы үшін арнайы білім алуды жөн көріп отырмыз»,- деді Әйгерім Өтеумағамбетова.   Айта кетейік, өнерлі Мұхамбетәли күрес үйірмесіне қатысып, жүгіреді. №3 Қарауылкелді орта мектебіндегі Мұхамбетәлидің сынып жетекшісі Қанат Булеков болашағынан мол үміт күттіретін кішкентай әншіге демеушілер қолдау көрсетіп, кәсіби мамандар бағыттап, сабақ берсе деген ойын жеткізді. 

14 шілде 2017 г. 5 072 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031