Әдістемелік қызметтің менеджментін жетілдіру – білім беру сапасын арттыру құралы
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей және бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Әдістемелік жұмыс – педагог қызметкерлердің ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру. Бұл - оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың инновациялық, интербелсенді технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешілетіндігі сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы көтеріліп, шығармашыл жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы заманауи мұғалім – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Олай болса бүгінгі күнгі әрбір педагог оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық менеджментті игеруі керек.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару - қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.
Менеджмент деген ұғымның бастапқы мағынасы - өз еңбегін, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл - ғылым саласында адамдарды және әлеуметтік үдерістерді басқару өнері.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру үдерісінің астарында оны құраушы үш саты бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу әрекеттері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу-танымдық үдерістің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі - жалпы алғандағы оқу-тәрбиелік үдерісінің менеджері (осы әрекетті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджменттің (білім беру үдерісін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы - білім беру үдерісіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі - ақпарат.Еңбек қаруы - сөз, тіл, сөйлеу.
Оқу-танымдық үдерісі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Тәжірибе көрсеткеніндей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың көп жағдайда төмен болу себебі - жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық үдерісінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Еліміздегі білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану тетіктерінің бірі – оқытудың ақпараттық жүйесі. Бұл жүйенің мәні оқушылардың өз бетімен білім алуына басымдық беріліп, «өмір бойы» оқу дағдысын қалыптастыруда.
Жалпы алғанда, бұл жүйе негізінде білімдік үрдісті ұйымдастыру үздіксіз оқу-ізденіс, үнемі өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа жоғары мотивацияны қамтамасыз ету арқылы білім алушыларда құзіреттіліктерді дамыту міндетіне сәйкес келеді .
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін әрбір мектеп өз қызметін үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Сондықтан білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.
Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді. Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен жаңалықтар ашуы сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.
Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады. Білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдірсе, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның да мүдделі екені айқын.
Автор;
Қайсар Құлымов,
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы