» » Қазақстан қазақ-түрік лицейлерін қызғыштай қорғап шығуы тиіс еді

Қазақстан қазақ-түрік лицейлерін қызғыштай қорғап шығуы тиіс еді

 Әңгіменің «әлқиссасы», баяғыда бізге қазақ-түрік лицейінде оқитындар шетінен иманды, білімді, «патриот» болып шыға келетіндей көрінетін. Кейін білсек, шынымен де онда жақсы білім береді екен. Түркия сияқты ешкімге бодан болып көрмеген тәуелсіз елдің руханиятпен (бізде әлі атеистерше орамалмен алысып жүр) суарылған білім жүйесінің «өкілі» болғаннан кейін бе, әйтеуір, түрік лицейлеріндегі мемлекетшілдіктің аурасы ерекше көзге түсіп тұрады. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болса да, Қазақстан әлі күнге дейін қазақ-түрік лицейі секілді озық білім ордасын құра алған жоқ. Керісінше, біз осы уақытқа дейін отаршылдардың орыстандыру саясатынан қалған аралас мектептерден айырылмай келе жатырмыз. Қазақшасы қарын аштыратын министрлер мен әкімдеріміз осындай ортада оқыған. Аралас мектептерді айтамыз, қаладағы қазақ мектебінде оқығандардың өзі «шалақазақша» сөйлеп шығады. Министрлеріміздің түрі анау, білім мен оқулықтың сапасын ойлаудың орнына, жыл сайын солардың атауымен алысып әлек болып жүрген. Гүленшілерге ешқандай қатысым жоқ. Қазақ-түрік лицейінде оқығандардың гүленші болып шыға келгенін де көрген емеспін. Түркияда осындай желеумен 800 мыңдай адамды жұмыстан шығарыпты. Мұнша көп адамның «төңкеріс жасауға қатысуы» мүмкін емес. Түркиядағы жағдай - түріктердің өз ішіндегі идеологиялық-саяси тартыс. Сондықтан олардың еліміздегі оқу ісіне араласуға қай жағынан алсаң да қақы жоқ. Қазақстан мұны өз пайдасына шешіп, қазақ-түрік лицейлерін қызғыштай қорғап шығуы тиіс еді. Кезінде түріктер де қаншама қазақты бауырға басты! Біздің неге мұғалімдеріне ара түсе алмай отырғанымыз түсініксіз. Олар да қаншама жыл бойы осында оқу бітіріп, балалы болып, осында істеп келе жатқан Қазақстанның азаматтары секілді ғой! Көбі азаматтық алып үлгермесе де, еліміздің азаматтарының санатында жүргендер...

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан

Дереккөз:Алаш айнасы

18 қыркүйек 2017 г. 3 980 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 280 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 629 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031