» » Балабақшаның бала тілін дамытуда атқаратын рөлі

Балабақшаның бала тілін дамытуда атқаратын рөлі

Әр бала балабақшаның табалдырығын аттаған сәттен сәлем беріп, тәрбиешіге өз қал-жағдайын әңгімелеуден бастайды. Бұл процесс күнбе-күн қайталанып, күн сайын баланың сөздік қоры молайа түседі. Сөйлем құрап, өз ойларын жеткізе білуге машықтанады. 

Ал келесі міндет, әрине тәрбиешілерге жүктеледі. Яғни олар балалардың өз ойын еркін жеткізуге, сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қарапайым сөйлем құрастыруға, олардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамытуға барынша атсалысады. Осылайша балалар өздігінен кез-келген шығарманың мазмұнын айтып, тіпті диалогті шығармалардағы адамдардың сөздерін бірте-бірте мәнерлі жеткізуге тырысады.

Балабақшадағы бала тілін дамытуда қолданылатын ең алғашқы көмек немесе құрал, ол ойын және ойыншық. Олар ойыншықтарды пайдалана отырып, түрлі әңгімелер құрастырады. Ойыншықтармен ойнау барысында, өз бетінше түрлі сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнап, бір-бірімен диалогқа түсіп, сөздік қорлары молайа береді. Бұл жастағы балалардың есте сақтау қабілеттері жоғары болғандықтан, әр айтылған жаңа сөз сөздік қорды байыта түседі.

Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын адан әрі дамытатын, әрине, ертегілерді немесе түрлі шығармаларды рөлдерге бөліп, театр құралдары негізінде сахналау. Әр тыңдалған ертегі, оның үстіне қимылмен көрсету арқылы сомдалған шығарма олардың жадында тез сақталады. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде көркем әдебиеттің рөлі ерекше. Жоғарыда айтылып өткен ертегі, әңгімелер, оларға қоса мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, шағын өлеңдер баланың сөздік қорын дамытып қана қоймай, балалардың ақыл-ойының жетілуіне септігін тигізеді. Ал мектепке дейінгі сәбилерді әдебиеттің мұндай жанрларымен сусындату тәрбиешінің міндеті. Өз жастарына сай шығармаларды тыңдап өскен бала, ондағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, батырлыққа, ерлікке құлшына түседі. Сөйтіп, бала бойында патриоттық сезімдер қалыптаса бастайды.

Осындай іспетті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде педагог әр баланың қабылдау деңгейін, сөйлеу шеберлігін зерттей отырып, дұрыс дыбыстау жағына да мән береді. Дыбыстау жағына орайластырып, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде әр түрлі жаттығулар, сан түрлі қажетті жұмыстар атқарылады.

Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні балабақшаның баланың өз тілінде анық сөйлеп, өз ойын жете жеткізуде алатын орны ерекше

екені айдан анық. Ал балабақшада қазіргі заманға сай білім нәрімен сусындата отырып, әр баланың тілінің дамуына ерекше мән беріп, яғни шығармашылық қабілеттерін оятып, сөздік қорын молайтып, үлкен жұмыс атқару, ол тәрбиешінің тікелей міндеті. Өз мамандығын сүйіп келген, әр баланы өз баласындай көретін педагог бұл міндетті аса жоғары жауапкершілікпен атқаратыны сөзсіз. 


Автор:

«Кәусар» бөбекжай-бақшасының

әдіскері - Жауынбаева Г.Н,

тәрбиешісі - Құлбалина Қ.Б.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылы
19 қаңтар 2021 г. 3 540 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930