» » Онлайн конференцияда ғалымдар мен педагогтер

Онлайн конференцияда ғалымдар мен педагогтер

Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары айтылған болатын. Қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне сүйене отырып, қазақ тілін жаңғырту тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, рухани жаңғырудың, ұлттық бірегейлікті нығайтудың қуатты факторы екендігін алға тартты.

            «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2018-2020 жылдарға арналған қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жедел жоспарына сәйкес бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.

            Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Латын графикасы арқылы «Мәңгілік елге» қадам басу факторларын педагогикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбында  республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияда еліміздің қазақ руханияты үшін тер төгіп жүрген лингвист ғалымдары мен педагогтер қауымы бас қосты.

            Латын негізді әліпбиге қатысты сан-түрлі сауалдарды ой-талқысынан өткізуге арналған online конференция қатысушылары жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртуды лингво-теориялық негіздеу, ғылыми зерттеулердің нәтижесі, инновациялық идеяларды педагогикалық тұрғыдан зерделеу, мұғалімдердің, оқытушылардың, жас мамандардың «Мәңгілік ел» құндылықтарын жүзеге асырудағы кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша кең ауқымды мәселелерді талдады.

             Конференция барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі А.А.Сейітбекова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Н.Аитова, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Н. М. Рсалиева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н. А.Садуақас, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Бағдарлама жобалары басқармасының жоба менеджері Р.Т.Беген, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы О.С.Жұбаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ж.А.Исаева, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сертификатталған тренер, гуманитарлық ғылымдар магистрі М.Т.Адилханова, "Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі, "Үздік педагог 2019" Б.Т. Базарғалиевалар баяндама жасап, сөз сөйледі.
Конференция «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихаттап, ғалымдармен педагогтердің  тәжірибе алмасуына бағытталды.Шара барысында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруде  жаңа әліпбидің бірыңғай стандартын енгізуге байланысты жоба кеңінен талқыланып, қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

            Конференция модераторы, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.К.Каплиева барлық қатысушыларға тың идеяларымен бөліскені үшін алғысын білдірді.

             Конференция қорытындысында ұсынымдар қабылдады.


Автор:

Адилханова Марал Тенелевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Гуманитарлық ғылымдар магистрі
28 қараша 2020 г. 2 202 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 767 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031