» » ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ТІРЕГІМ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ТІРЕГІМ

                        ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ТІРЕГІМ              

  Ата-бабамыз өткен жолға біраз шолу жасап, қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл – менің елім! – деп көңілің көкке көтеріледі.

 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында мемлекеттің егемендігі туралы Деклорация қабылданды.

1991 жылдың 1- желтоқсанында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы, 16-желтоқсанында қазақ елі Тәуелсіз Республика болып жарияланды.1991 жылы, 21-желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достық Одағы құрылды, қазір елімізді дүние жүзі таниды.

 1992 жылы, 28-қаңтарда Қазақстанның Ата заңы қабылданды.

1993 жылы маусымның 4-нде Қазақстан Республикасы Кеңесінің Сессиясы Тәуелсіз елдің басты нышандары — Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бекітті.

Қазақстан байрағы.

Зеңгір аспан көгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңілге

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жандарымыз жайдарлы.

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты,

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

  Әнұран.

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім, сөйле сөзім

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны!

               Біз Отанымыздың осы қасиетті белгілерін ардақтаймыз, қадір тұтамыз. Аға-апаларымыз сияқты Отанымызды қорғап, Отан үшін еңбек етіп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге мұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде, тас-талқан болып өлгені.

Тәуелсіздік ата-баба арманы.

Қандай елмін, бүгін міне, көр мені!

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.

                    Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша, қазақша бірдей білетін, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын, жігерлі, отты жігіт еді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні өмірімен қоштасты.

           Қазір Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіз тұрып еске алайық.

 Тәуелсіздік –достығымыз,

Ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік – ел бірлігі,

Асқан армн таласқан.

Тәуелсіздік өткеніміз,

Асулардан сан асқан.

Тәуелсіздік – ертеңіміз

Арайлап таңы атқан.

Тәуелсіздік – ардагерім,

Ұрпақтармен жалғасқан.

Тәуелсіздік аға жолы

Болашаққа нық басқан.

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу-маржан шашайық.

Қонақтарды таңдандып,

Өнерден күмбез жасайық.

Соңы ән-күй, бимен жалғасады.

 Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Тәуелсіздік күніне» арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Біз, келешек ұрпақ, Отанымыздың үміт артқан болашағымыз. Біз Отанымызды сүйеміз (хормен)

 

                    

        

 

Сейтқасымова Кенже Әбілдақызы

''Бірлесу - Еңбек'' орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

     

18 қаңтар 2019 г. 5 867 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 004 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930