» » Жазушы Шерхан Мұртаза қайтыс болды

Жазушы Шерхан Мұртаза қайтыс болды

 Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртаза қайтыс болды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды "Edunews.kz" АА Tengrinews.kz. сайтыны сілтеме жасап.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

  "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары "Лениншіл жас" газетінің редакторы.  

Содан кейінгі уақытта "Жазушы" баспасының, "Жалын" альманахының, "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.  

1989-1992 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған. 

Жазушының әр жылдары "Табылған теңіз" (1963), "Белгісіз солдаттың баласы" (1969), "Ахметжанның анты" (1973), "Мылтықсыз майдан" (1977) повестері, "41-жылғы келіншек" (1972), "Интернат наны" (1974) әңгімелері, "Қара маржан" (1977), бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе", "Ай мен Айша" (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, "Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда" (К. Смайыловпен бірге) (1998), "Бір кем дүние" (2008) кітаптары жарық көрген. 

 Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 

 Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың "Ботагөз", "Қош бол, Гүлсары", "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет", "Боранды бекет" туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің "Марыкчан балалары" романын, Л.Лагиннің "Хоттабыч қарт" повесін тәржімалады. "Әзиза" пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды. 

"Қара маржан" романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. "Құрмет белгісі", "Отан" (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

10 қазан 2018 г. 2 673 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031