4К моделі: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде
Бүгінде адамның қазіргі өмір салты, жылдам өзгеретін және үнемі дамып келе жатқан ақпараттық саламен интеграцияланған, сондай - ақ тұтастай алғанда адамзаттың индустриалды-ақпараттық дамуының жоғары қарқыны мамандықтар мен мамандықтардың тұрақты жаңаруына алып келетін нарықтық талап, жаңа жеке және ұжымдық дағдыларды дамытуға деген жоғары сұранысты қалыптастырады.
Білім контекстендірілуде,осыған байланысты өмір сүрудің тек бір саласында ғана шектелген адам құзыреттілігі жеткіліксіз. Бүгінде психикалық белсенділіктің әр түрлілігіне негізделген мета - құзыреттілікке (олар: ұжымдық ақыл-кеңес, эмпатия және т.б.) ие болу маңызды. Адамға қажетті ең маңызды құзыреттіліктерді айқындау және
олардың ықтимал даму жолдарын зерттеу үшін жетекші іскер топтарды біріктіріп, 2002 жылы Partnership for 21st Century Skills деп аталатын американдық коммерциялық емес ұйым құрылды. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің түлектеріне 4К (коммуникация – қарым-қатынас, коллоборация – ынтымақтастық, командамен жұмыс, креативность - шығармашылық, критическое (проблемное) мышление - сыни ойлау) тұжырымдамасын жасаушы білім берудегі көшбасшылар: National Education Association of the United States, United States Department of Education, AOL Time Warner Foundation, Apple Computer, Inc., Cable in the Classroom, Cisco Systems, Inc., Dell Computer Corporation, Microsoft Corporation, SAP, Ken Kay (President and Co-Founder), and Dins Golder-Dardis 21-ші ғасырдағы еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік пен сұранысқа ие болатын құзыреттілікті талап етті.
Ғылыми қоғамдастық қабылдаған 4К тұжырымдамасы, жан-жақты зерттеліп, апробациядан өтті, нәтижесінде көптеген білім беру стандарттарында кеңінен қолданыс таба бастады. 2010 жылы American Management Association өз зерттеулерінде 4K ұғымының өзектілігін растады.
20 жыл бұрын SMM-мамандар немесе мобильді қосымшаларды ойлап табушылар деген мамандықтардың бар екендігі туралы ешкімнің ойына да келмеген. Еңбек нарығы заманында бірнеше жылдан соң, қандай мамандық иелерінің керек болатындығын нақты білу мүмкін емес, бірақ ол нақты өзгереді. Тіптен қол еңбегін айтпағанда, бухгалтерлер мен аналитиктердің жұмыстары да автоматтандырылады. Келешекте жұмыс берушілерді алгоритммен ауыстыруға болмайтын икемділіктер мен дағдылар ғана қызықтыратын болады десек қателеспейміз.
Теорияға тоқталсақ, 2016 жылы бүкіләлемдік экономикалық форум президенті Давос Клаус Шваб төртінші технологиялық революция басталды деп жариялаған болатын. Ол енді біз үшін барлық қызметті роботтар атқарады деген сөз еді, ал 2020 жылға қарай өзін қажетті деп санайтын әр жұмысшы төмендегілерді білуі тиіс:
- Кешенді тапсырмаларды шеше алуы;
- Сыни ойлай алуы;
- Шығармашылықпен ойлауы;
- Адамдарды басқара алуы;
- Командамен жұмыс істей алуы;
- Басқа адамдардың эмоциясы мен өзінің эмоциясын анықтап, оларды басқара алуы;
- Өз ой пікірін айтуы және пайымдап, шешімдер шығара алуы;
- Тұтынушыға бейімделуі;
- Келісім жүргізе алуы;
- Бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алуы.
- 2015 жылы 4 және 10 орында болған тұлғаның сыни ойлау мен шығармашылық дағдылары 2020 жылға қарай, ең қажетті үштіктің санына енеді. Бұл икемділіктерді Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттілік), ал оған қарсы Hard Skills — «қатаң» кәсіби дағдылар деп атау шешілген. Біздің елімізде білім беру саласының мамандары Давосстың алғашқы ондығын төрт негізгі дағды жүйесіне қысқартты, сосын оған «4К жүйесі» деген атау берді.
Сыни ойлау (Критическое мышление)— ақпараттар ағынын бағдарлай алу мүмкіндігі, себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз ақпараттарды електен өткізіп қорытындылауы. Сәтсіздікке жолыққан жағдайда шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуі.
Шығармашылық (Креативность) – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Шығармашылығы дамыған адам жасап шығарушы болып табылады. Ол басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алады. Қиындықтарды жеңу ол үшін қызықты басқатырғышқа айналады.
Қарым-қатынас (Коммуникация) - Қазіргі кезде әрбір адам қоңырау шалынатын немесе хабарламалар тәулік бойы жеткізілетін қашықтықта орналасқан. Келіссөздер жүргізу және байланыс орнату, әңгімелесушіні тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілеті өмірлік дағдыға айналады.
Ынтымақтастық (Үйлестіруші) (Координация )(сотрудничество) - кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты. Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рольдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті.
Білім беру саласы қазіргі күндегі дамыған және дамушы мемлекеттердің идеялогиялық жағынан аса маңызды мән беретін тақырыбына айналды. Білім сапасының мемлекеттің болашағына жол ашатын, тұрақтылығына негіз болатындай қуатты күші бар екенін барша сауатты адамдар жақсы біледі. Әр аға буынның жинаған білімі мен тәжірибесін келесі буынға жеткізу жолдарын іздеген әдіс-тәсілдері оқу мен оқытудың сан түрлі жолдары мен құралдарын дамыта түсті. Білім қаламмен жазылып, қағазға түсірілген кезде ғана мәңгілік сипатқа ие болады. Білімді жалпы халыққа тарату ісі – ізгілік атаулының қайнар көзі. Білім беру ісінің мойнындағы міндеттер де өте ауқымды. Ол міндеттерді шешуге өндірісте пайда болған құралдар көмек етеді. Білім беру құралдары өте көп. Солардың ішіндегі ең бастыларына тоқталсақ, қағаз-қалам, тақта-бор, компьютер, смарт техника туралы айтуға болады.
Қағаз біздің заманымыздағы 105-жылы Қытайда алғаш жасалды. 600-жылы Кореяға, 625-жылы Жапонияға, 751-жылы Қазақстан жеріндегі Талас өзені түбіндегі шайқас нәтижесінде Европаға жеткізілді. 1800-жылдардан бастап, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей тәрізді дамыған мемлекеттерде қағаз шығаратын патенттелген машиналар жұмыс жасай бастады. 1857-жылы қағазды ағаштан жасау технологиясы ашылды.
Автоқаламның алғашқы нұсқасы 953-жылы Мысыр билеушісі Аль-Муаздың сұранысымен пайда болған. 1844-жылы Льюис Эдсон Уотермен Европада ең алғаш автоқалам жасаса, 1888-жылы Джон Лауд автоқалам патентін иеленді. 1945-жылы ғана Америкада жалпы халыққа сатылуға шығарыла бастады.
Бормен жазуға болатын мектеп тақтасын алғаш Индия мұғалімдері сабақ жүргізуде қолданғандары туралы дерек ХІ ғасырда парсының энциклопедист ғалымы әл-Бирунидің еңбегінде жазылған. Европада және Америкада оқыту ісіне сынып тақталарын қолдану 1801-жылдардан бастау алады. Шотландия мектептерінің бірінде директор қызметін атқарған Джеймс Пилланс 1814-жылы жазған хаттарында сыныпта география сабақтарын өткізу үшін тақта және түрлі түсті борларды қолданғаны туралы жазады. Онымен параллель 1801-жылы АҚШ-та Джордж Барон есімді профессор математика сабағында қазіргіге ұқсас, үлкен өлшемді, қара түсті сынып тақтасын қолданады. 1809-жылдары Филадельфия мектептерінің бәріне де сынып тақтасы таралады. 1840-жылдары сынып тақталарын шығару өндірістік сипат алады, қара түсті тақталардың орнына жасыл түстілері шыға бастайды. Және де қағаз өндірісінің дамуы мен сынып тақталарының кеңінен таралуларына байланысты аспидті тақташалар мен аллюминий таяқшалар өндіру істері тоқталады.
Компьютердің пайда болуы, буындары туралы ақпараттар қазіргі күнде өте мол. 1946-жылы АҚШ-та жасалған, салмағы 27 тонналық ЭНИАК-тың орны ерекше. Салмағы, өлшемі, бағасы жағынан аса үлкен болғандықтан, бұл өнім тек 1 данада жасалған. Пенсильвания университетінің профессорлары Экерт пен Мокли осы құрылғының авторлары 8-шілде мен 31-тамыз аралығында 28 адамға ең алғаш компьютерлік курсты оқытты. Осы оқу АҚШ-та компьютер өндірушілерге өте пайдалы сабақ болды.
1975-жылдарға дейін өндірілген компьютерлердің бәрі де жеке адамдарға қолжетімсіз болғандықтан, ірі фирмаларда ғана болды.
1977-жылы тамыз айында Tandy Radio Shack TRS-80 атты бағасы 600 доллардан төмен, ең алғашқы «үй компьютелері» АҚШ-та жалпы халыққа сатыла бастады.
1981-жылы тамыз айында IBM 5150 компьютері АҚШ-та жасалып, жалпы халыққа ұсынылды. Жеке адамдар арасында үлкен қызығушылық туғызған осы модель 1-2 жылда қазіргі дербес компьютердің үлгісіне дейін дамыды.
1984-жылы Кеңес үкіметінде «КСРО мектептеріндегі білім беруді компьютерлендіру» бағдарламасы қабылданып, оқушылар, студенттер Basic тілінде программалауды үйренуді бастады. Біздің мектептерде қолданылған кеңестік УКНЦ, Корветт, Ямаха тәрізді компьютерлер АҚШ-тық компьютерлерден көп артта болғанымен, халықтың компьютерлік сауатын ашуға жақсы ықпал етті.
1997-жылы 22-қыркүйекте ҚР президенті өкімімен бекітілген №3645 «Орта білім беруді ақпараттандыру» бағдарламасы аясында біздің республикамызда компьютерлену қарқыны күшті жүргізілді.
Білім беру саласында қағаз, автоқалам, тақта-бор құралдарының тиімділігіне, тіпті бұл құралдарсыз білім беру саласын елестетудің өзі қиын екенін көпшілік қалай мойындаса, компьютердің білім саласында тиімділігіне соншалықты күмәнмен қарайтынымыз жасырын емес. Педагогтерге компьютерді игеру оңай болмады. Әлі де игеру дәрежеміз нашар деңгейде. Адамзат баласының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұстаздық қызметінің бір міні байқалды. Қазіргі заман келбеті қарыштап дамыған өндірістік технология мен нарықтық қатынастар негізінде қатты өзгерді. Бұрынғы қоғам ұстаздары өзінің белгілі бір жасына дейін белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгереді де, сол игерген мөлшерде келесі буынды оқытатын. Және білім, білік қорын дамыта түсудің қажеттілігі де аса сұранысқа ие болмайтын. Себебі, технология, адамдардың өмір сүру тәртібі, құралдары аса бір өзгерістерге ұшырай бермейтін.
Сонымен, көптеген ұстаздарымыз өзгені оқытуға үйренгенімен, өзі жаңа білімді қабылдауға құлықсыз, ынтасыз болып шықты. Институттарда көптеген мамандықтарда, әсірессе, педагогикалық бағыттағы студенттер 1975-жылдардан бастап «Информатика», «Электронды есептеуіш техника» тәрізді пәндерді арнайы оқып та шықты. Жоғарыда аталған 1984-жылғы бағдарлама нәтижесінде біздің мектептерге компьютерлер «бір ауданға кем дегенде 1 компьютерлік сынып» ұстанымымен әкелінді. Бұрын білім, ғылым іздеген талапкерлер айшылық алыс жол жүріп, көп жыл шет жерде бейнет көрсе де, бағытынан таймай, мақсаттарына ұмтыла білді. Игерген білімін елінің кәдесіне жаратуға ұмтылды. Бірақ олар өте аз және өте қабілетті, таланттылар тобынан болатын. Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз...» деген сөзі әсіресе, біздің ұстаздарымызға қарата айтылғандай. Осы жағдайларды салыстырсақ, компьютерді меңгергісі келген ізденушіге біздің елімізде 1985-жылдардан бастап едәуір мүмкіндік туғанын байқауға болады. Мысалы, өз ауылында компьютер сыныбы болмаса, көрші ауылда немесе аудан орталығында, облыс орталығында міндетті түрде табылатыны анық еді. Сонда қазір жасы 60-тың шамасындағы әріптестеріміз болса, компьютерлер елімізге жаппай оқытыла бастағанда, яғни, 1985-жылдары 30 жастағы ең бір қабілеттері толысқан, дер шақтарында болғанын түсінеміз.
Байқап қарасақ, мемлекет деген алып машина, өз халқын белгілі бір жаңа бағытқа кемі 10 жыл бұрын дайындай бастайды. Мысалы, қазіргі күнде барша қоғам мүшелеріне ұсынылған «Электрондық үкімет» қызметі бар. Ол туралы 2003-жылы 7 қаңтарда Заң шығып, халықты тегін оқыту, сертификаттау, аймақтарда ХҚКО ашу тәрізді көлемді жұмыс жүргізіліп келе жатқанына 12 жыл өтсе де, өзінің ЭЦҚ-н жұмыстанып, пайдасына жаратып жүргендер аз, әсіресе, мұғалімдер қауымында өте аз. Бізге біліктіліктерін арттыруға келген мұғалімдердің 2-3 пайызында ғана ЭЦҚ пайдалана алу мүмкіндіктері бар екені байқалады. Сонда, компьютерді, жаңа технологияны өз кәделеріне жаратуды жолға қоя алмаған мамандарымыз, оқушыны жаңа технологияға қалайша үйретеді? Сөз жүзінде мектеп мұғалімдерінің түгелге жуығы компьютерлік сауатты, ал, іс жүзінде олай емес. Шамамен 40% мұғалімдер ғана компьютерді өз қызметіне байланысты меңгерген болып табылады. Соңғы жылдарда АКТ құралдарының түрлері көбейді. Олардың сан түрлілігі мен мүмкіндіктері педагогтерімізді «сескендіріп» тастады деуге болады. АКТ құралдары арасында кеңсе, мектеп, оқу орындары, үй жағдайында да қолдануға болатындай 4 негізгі құралды ерекше атауға болады. Және осы құрылғылардың арасындағы идеялық байланысты әр педагогтің білгені абзал.
Компьютер. Бұл құрал қоғамда, өндірісте көптеген салаларға толық дерлік енгізілді.
Ұялы телефон. Адамдар арасындағы хабар алу қатынасын жеңілдетті.
Планшет. Ұялы телефон мүмкіндіктерін компьютерге енгізу нәтижесінде пайда болды.
Смартфон. Компьютер мүмкіндіктерін ұялы телефонға енгізу нәтижесінде пайда болды.
2004-жылдардан бастап Қазақстан нарығында қолжетімді бағамен дербес компьютер, ноутбук, ұялы телефондар көп көлемде сатыла бастады. Бұл жағдай өз кезегінде жалпы халыққа жаңа ақпараттық технологияларды өз беттерімен игеру мүмкіндіктерін туғызды. Әсіресе, ұялы телефонды меңгеруге келгенде барша халық қабілетті болып шықты. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұялы телефонды еркін игергеніне бәріміз куәміз. Ұялы телефондардың түрлерінің көптеп шығуы, жаңартылуы ол құралдардың смартфон, планшенттерге жеңіл ауысуына жағдай жасады. Ұялы, мобильді, смарт телефондардың жасалуы, базалық элементі, технологияларында түбегейлі өзгерістер болғанымен, біз тәрізді тұтынушылар үшін елеулі айырмашылықтары байқалмайды. Себебі, оны өндірушілердің басты ұстанымы – халыққа бағасы қолжетімді және қолданылуы аса қарапайым болуы.
Жоғарыда аталған 4 құралдың сапалы жұмыс жасауына, тиімділігін арттыруына әсер ететін ең басты фактор – интернет. Интернет АКТ құрылғыларына өндіруші ұйымдар шығарған бағдарламалық жаңартуларын жеткізеді. Бағдарламалық жаңарту жүйелік және антивирустық бағдарламаларға өте қажет. Осы жаңарту (обновления) файлдарын ала алмаған кез-келген АКТ құралының жұмыс жасау шапшаңдығы төмендеп, қолданушыға үлкен кедергі туғызады. Қазіргі білім саласына интернет арқылы мол мүмкіндік беретін Youtube.com бейнехостингін, Google.com іздеу-анықтамалық жүйесінің білім беруге арналған қолданбаларын, Play Маркет, App Store қызметтерін еркін пайдалану үшін әр адам өз атына * .@gmail.com аккаунтын жасауы қажет. Қарапайым бір ғана почта аккаунты осыдан кейін сізге сансыз мүмкіндіктер беретін кілтке айналады. Интернет қызметі қазіргі уақытта барша халыққа қолжетімді игілікке айналды. Тіпті, түкпірдегі ауылдық мекендерімезге де «кем дегенде бір интернет көзі болуы керек» деген ұстаныммен үкіметіміз таратып отыр. Мәселе, осы игіліктерді сауатты қолдана алатын мамандардың аздығында. 3G, 4G жоғары жылдамдықты интернет қызметтері еліміздегі барша аудан орталықтарын қамтуға жақын. Интернет қызметін белсенді таратушы, әлемдік көшбасшы мемлекетттердің бірі АҚШ интернет орнына 2015 жылдан бастап Outernet қызметін іске қосу әрекеттеріне кірісіп кетті. Олардың мәліметі бойынша, жер шары тұрғындарының 60%-ның ғана интернет қызметін алу мүмкіндігі бар. Осындай жетіспеушілікті жою үшін ақылы интернет орнына тегін аутернет қызметін қосуды жоспарлайды. Жер шарына космостан тұтас wi-fi тарату арқылы, осындай ауқымды жоба адамдардың арасына шын мәніндегі еркін байланысты таратуды жүзеге асырмақ.
Бір қуанарлығы, біздің қоғам әлемде қандай жаңалық, жаңа жоба, жаңа технология пайда болса да, оларды қабылдауға, меңгеруге қабілетті, қаржылық ресурстары мол. Сондықтан да, білім саласындағы негізгі стратегиялар жаңа технологияларды игерумен қатар, оқушының ойлау қабілетін арттыратын, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін дәстүрлі оқыту әдістемелерін дамытуға негізделіп құрылуын қалаймыз. Жаңа технологияларды игеру қажеттігі анық, бірақ ол үдеріс уақытындағы қағаз-қалам, тақта-бор тәрізді қарапайым құрал ретінде ғана педагогке көмегін беруге жарамды екенін байқадық. Смарт техникаларды қолдануда аса мұқият болмасақ, оларды оқушы өмірінде қолданылудың санитарлық-гигиеналық нормаларын жасақтап, қатал қадағалауды іске қоспасақ, білімді дамыту түгілі, бала психикасына «интернет тәуелділік», «желілік байланыс тәуелдігі», «АКТ ойын тәуелділігі» тәрізді апаттық факторлар қауіп төндіретінін ескеруіміз қажет. Бұл аталған факторларды түбегейлі тиым салумен шеше алмаймыз. Баланың әртүрлі құрылғылармен жұмыс жасау уақыттарына санитарлық-гигиеналық нормаларға лайық шектеулерді орнатумен ғана бала потенциалы мен технология мүмкіндігін бірлестіре ұтымды шешімдер алуды жолға қоюды ойластыруымыз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 ЖарлығыменбекітілгенҚазақстанРеспубликасындабілімберудідамытудың 2011 – 2020 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасы;
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2012 жыл. ҚР Үкіметінің № 1080 қаулысы
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «ЖаңаәлемдегіжаңаҚазақстан».
Ахметова Г.К., Қараев Ж.А., Мұханбетжанова С.Т. Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі. Алматы: АҚ «БАҰО «Өрлеу», 2012. 418 б.Интернет көздері:
Қ.Р.Қаппасова. Оқу құралы. Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Қарағанды, 2005.
Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.2004
Информатика и образование, 2004, №12
ОӘЖ 37.05:367.8:373.854
Жуманова Райхан Муратовна,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ
Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша
ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы