» » Жас өнертапқыш Астана әкімдігіне көктайғақпен күресудің амалын ұсынды

Жас өнертапқыш Астана әкімдігіне көктайғақпен күресудің амалын ұсынды

 Қазақстандық өнертапқыш, Назарбаев Университеттің оқытушысы Нұрлан Мансұров Астана әкімдігіне көктайғақпен күресудің амалын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның стартап-идеясы Астана әкімшілігі ұйымдастырған Sturtup Weekend байқауында екінші орын алды және 150 мың теңге сыйақыға ие болды. «Бұл дөңгелектері бар көгал шапқыш тәрізді құрылғы.  Мұзжарғыш машина құрылыс саласына қолданылатын опырғыш бұрғы негізінде  жасалған және адамнан үш есе жылдам жұмыс істейді. Бүгінгі құрылғымның мамандығыма еш қатысы жоқ, өзім биология пәнінен сабақ беремін. Бірақ, дәл осы мәселенің шешімін тапқым келді, себебі, өткен жылы ағам көктайғақта құлап, қолын сындырып алды. Бұл өте өзекті мәселе, қаншама қарттар қыс мезгілінде құлап, ұршық буындарын зақымдап жатыр», - дейді Н. Мансұров.  Оның айтуынша, бұл жаңалық ең алдымен, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен бірге, қалалық бюджеттің қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді. Біріншіден, тротуарлардағы кеспе тастарға зақым келу оқиғалары азаяды, сәйкесінше оларды жиі ауыстыру қажеттілігі туындамайды. Екіншіден, жұмысшылар санын қысқартуға болады. «Коммуналдық қызметтер мұз жаруға қолданатын сүймендер тротуардағы тас төсемелерге едәуір зақым келтіреді. Астанада қыс мезгілінің ұзаққа созылатыны да белгілі. Мәселен, сіз 6 жұмысшыға 100 мың теңгеден төлейсіз, құны шамамен 200 мың теңге болатын менің құрылғыммен екі-үш жұмысшы үш есе жылдам жұмыс істей алады. Яғни, қыстың суығында мұншама көп адамды жұмысқа жегуден құтқару мүмкіндігі бар», - деп түсіндірді ол. Sturtup Weekend байқауында бірінші орын мен 250 мың теңгені Sun Project командасы жеңіп алды. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының түлектері күн батареялары мен жарықдиодтар негізіндегі көшені жарықтандыру көздерін ұсынды.  Осылайша, жас өнертапқыштар Астана маңында орналасқан Көктал, Лесозавод көшелеріндегі жарықтандыру және электр энергиясын үнемдеу мәселелерін шешкісі келеді. «Жарықшамдар күн энергиясын тұтынады, сондықтан кәдімгі электр энергиясына тәуелді емес. Осының арқасында, түнгі уақытта еш шығынсыз көшені жарықтандыруға болады. Тиімді жұмыс істеу үшін күн көзінде небәрі 6 сағат қуаттау жеткілікті», -  дейді команда көшбасшысы Санат Сейітов.   Бір жарықдиод бластерінің құны 60 мың теңге, ал жарық бағанасымен бірге - 80 мың теңгені құрайды. Үшінді орын және 100 мың теңге Алматыдағы IT-университеттің студенті Айбек Рахымға берілді. Ол тұрғындарды қайталама шикізат жинайтын компаниялармен байланыстыратын қосымша ойлап тапты. Компаниялардан комиссия алу табыс түсіру көзделген. Айта кетейік, Sturtup Weekend жобасы Астана қаласы әкімдігінің Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ұйымдастырылып отыр. Дарынды жастарды қала өміріне жұмылдыруды мақсат еткен стартап-марафон аясында жыл соңына дейін Астанада екі хакатон және үш Sturtup Weekend өткізу жоспарланған.

 

17 шілде 2017 г. 8 435 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 717 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 337 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930