» » «Қысқы еңбек»

«Қысқы еңбек»

Мақсаты: Балалардың  әуен сазына ілесіп,қыс-көріністерін қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулу.Әнді әсерлі етіп айтуға,дәл ырғақпен дербес орындауға үйрету.

Көрнекіліктер:  музыкалық аспаптар, интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын технологиясы, ақпараттық коммуникативті технологиясы.

Барысы:

Балалар,залға  музыка әуенімен кіреді.

Сәлемдесу:

-Сәлемет пе, балалар!

Балалар:

-Сәлеметсіз бе?

Педаго

 Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз.

Дұрыс айтасыңдар,балалар.

(Осы сәтте аққала есікті қағады)

Педагог:Балалар,бізге біреу келген сияқты.Кім болды екен? Есік жабықпа деймін.Айым,есікті ашып келші.(Айым,Аққаланы ертіп кіреді)

Аққала: Сәлеметсіңдер ме,балалар, мен жылы жерге кіргесін даусым шықпай жатыр.

Педагог:Балалар,аққаланың даусын шығаруға  көмектесеміз бе?

Балалар:Ия

Педагог: Олай,болса,дауыс жаттығуын жасайық.

Ал,балалар,баян аспабымен ән айтып көрейікші сендер дауыс жаттығуын қалай жасағандарыңды білейін.«Зырлайды шанамыз» әнін бір шумағын орындату.

Балалар,жарайсыңдар,енді,орнымыздан тұрып көңілімізді көтерейік.

Аққала:Ой,балалар,менің даусым шықты,сендерге рахмет.Балалар,мен бұл балабақшаға байқамай кіріп кетіппін,жылы жерге кіргесін даусым шықпай қалды.

Педагог:

Аққала,ешнарсе етпейді,қайта біздің балалармен бірге ән айтып,би билеп,көңіліңді көтер.

До,ре,ми әнінің бір шумағына билету.

Педагог:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар орындарына отырады.

Балалар,аққалаға аспапта қалай ойнайтынымызды көрсетейікші.

Аспапта ойнау: «Шырша» әнін сүйемелдеу.

Жарайсыңдар,балалар,енді барлығымыз қыс мезгіліне арналған.

«Қыс қызығы» әнін тыңдайық

Ән тыңдау: «Қыс қызығы» И.Нүсіпбаев

Балалар,енді,әдемі ән үйренейік.Қардан жасалған ақшақар қызға арнап ақшақар әнін үйренейік.

Ән салу: «Ақшақар» әні, әні мен сөзі:Д.Қиқымов

    Ақшақар әні

Қар жауды,қар жауды

Бақытты бала-шаға

Қар қызы,қар қызы

Ақшақарды жасайды

Алтын шашты сүйкімді

Ақшақар күн секілді

Сен сұлу,сен сұлу

Көреміз ғажаптанып

Қайрымды қарды қыз

Сені жақсы көреміз

Педагог:

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар,енді орнымыздан тұрып,аққалаға арнап,аққала биін билеп берейікші.

Әуенді ырғақты қимылдар: «Jingl bells» әуеніне аққалалар биі

 

 Аққала:Балалар,сендерге рахмет көңілім көтеріліп қалды.

Педагог:

Аққала біздің саған арналған ойынымызда бар.Бұл ойынның аты аққала құрастыру деп аталады.

Ойын: «Аққаланы құрастыру»

Мақсаты: Балаларды интерактивті тақтамен жұмыс жасауға баулу.

Шарты:Балалар аққала бөліктерін тақта қаламымен құрастыру.

Педагог: Жарайсыңдар балалар!

Аққала: Балалар сендерге рахмет,көңілім көтеріліп қалды.Енді мен,қайтайын әйтпесе еріп кетермін.

(аққала кетеді)

Педагог: Балалар,Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар

Сендерге аққала биі ұнады ма?

Қандай ән үйрендік?

Жарайсыңдар,балалар!

Бүгінгі оқу қызметі осымен  аяқталды

Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Балалар қайталай алады,әннің көңіл-күйін сезінеді,биді түсініп орындайды.

 Үркімбаева Жанна

"Айналайын бөбекжай-бақшасы" КМҚК-ның

Музыка жетекшісі 

Қызылорда облысы 

Шиелі ауданы 

Бестам ауылы 

06 ақпан 2019 г. 8 439 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 250 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031