» » Қызықты математика!

Қызықты математика!

Мақсаты: Математикалық білімге қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

Оқу қызметінің әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу қызметінің көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері: 

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерді құрметтеп,

Сәлемдейік біз. Қуанамын менде, қуанасың сенде,

Қуанамыз достар, арайлап атқан күн.

Всем, всем, добрый день!

Здравствуй, солнце золотое!

Здравствуй, матушка земля!

Гуд монинг, гоулд сан,

Гуд монинг дия геcтс

Гуд монинг май френдз,

Уи уине ю ол зэ юэсте!

Жылулық шеңбер. 

Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.

Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!

Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!

Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!

Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.

Жарайсың, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу қызметі.


Қызықтыру сәті: Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.


Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Білім ханшайымы: Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымымын».

Сіздерді мектепте барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларыңыз келе ме?

Балалар: Иә.

Білім ханшайымы: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар мектепке қабылданасыңдар.

Тәрбиеші: Қош келдің Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.

Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырма әкелді екен қарайық.

Жылдың төрт мезгілін ата?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Бір жылда неше ай бар?

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның нешінші күні?

Тақпақтар:

1.Әмір: Мені білгін келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

2.Аида: Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрамын.

Бірге бірді қосқанда,

Иіліп мен шығамын.

3.Сәкен: Екіден соң әрқашан

Үш саны боп қаламын.

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын.

4.Бектұрсын: Достар мені төрт дейді

Беске бірім жетпейді

Бірақ үшке ағамын

Жақсысымын бағаның

5.Махмуд: Әр қолда саусақ бес – бестен

Шықпас тегін ол естен

Біліп санның шамасын

Мысал ойлап табасың.

1 – тапсырма:

ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС. Артық немесе кем таңбасын қою керек.

      5+2             7-2               7-5

      4+3             7-3               7-4

      0+7             7-1               7-0

2 – тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»

Тәрбиеші: Балалар 2 – тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төменгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Дидактикалық ойын: «Қай пішінге ұқсайды?»

Сергіту сәту. Балаларға жәшіктен әр түрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолындарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.

3 – тапсырма: 

1 – ден 10- ға дейін тура және кері екі тілде санау.

Дидактикалық ойын. «Жоғалған сан».

Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)

(1-ден 10-ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)

4 – тапсырма: 

«Кім тапқыр» ойыны. Өрнектердің мәніне сәйкес «+» немесе «-» таңбасын қояды.

               4   2  = 6          6   4  = 2

               5   3  = 2          3   3  = 6

Тәрбиеші: Енді балалар Білім ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын қарайық.

5 – тапсырма: 

Логикалық есептер

– Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)

– Қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін көрсету)

– Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)

Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

Білім ханшайымы: Балалр сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір – бірлеріңе көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді сіздерді мектепке қуана – қуана қабылдаймыз. Енді мен басқа бақшаларға барамын, сау болыңдар.

Әуен «Білім ханшайымы» шығып кетеді.

6 – тапсырма:

Дәптермен жұмыс жаса:

Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Мектепке апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.

7 – тапсырма: «Жол картасын бейнеле»

Ағаш, күн, тас, гүлдер, жол, мектеп, үйлер т.б. суреттерді үстел үстіндегі қағазға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.

            


 Бәрінің аты бар.

 Ең кішісі шеткісі (5 саусақ).



Қорытынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 – ден 10 – ға дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз. Апта күндерін білеміз.

Жарайсың, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы. Сау саламат болайық!



Дулатбаева Роза Кенесовна

№150 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Алматы қаласы 

25 қаңтар 2019 г. 17 204 0

Похожие новости:

title
Неге адамдар әртүрлі
Білім жаңалықтары
title
Әдептілік - әдемілік
Рухани жаңғыру және білім
title
Иррационал теңдеулер
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031