Шымкентте мектеп директоры дауыс беру арқылы сайланатын болды
Шымкентте мектеп директорын тағайындау тың әдіспен жүргізіледі.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
Шымкентте мектеп директорын тағайындау тың әдіспен жүргізіледі. Бұдан былай білім бөлімі бастығы директор тағайындауды өздері шешпейді. Яғни мектеп басшылығы дауыс беру арқылы сайланады.
Оған ата-аналар комитеті, білім саласындағы шенділер және қала әкімі қатысады. Осы тәртіппен жуырда сегіз үміткердің ішінен үш бірдей оқу ордасына директор сайланды. Қала әкімі сайлау ашық жүргізіледі деп сендіреді. Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалынып отыр.