» » Шымкенттік қос өнертапқыш өз жобаларын лондонда қорғайтын болды

Шымкенттік қос өнертапқыш өз жобаларын лондонда қорғайтын болды

 Жыл сайын өтетін “Шапағат”  республикалық өнертапқыштар байқауында биыл шымкенттік оқушылардың жолы болды. Бұл туралы Шымкент қаласының білім бөлімі хабарлайды.


Еліміз бойынша қатысқан 16 команданың ішінен қос өнертапқыш Сымбат Орынбасар мен Диана Әділхан екі жүлделі орынға ие болды. Қаламыздағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектептің қос оқушысы “Көлік саласы туралы үздік жоба” номинациясы бойынша жұмыстарын ұсынған.

Диана Әділхан “Біркелкі ұшудың авиациялық моделі” жобасын дайындапты. Яғни алдымен ұшақты емес, оның моделін дайындаудың артықшылықтарын көрсеткен. Сымбаттың жұмысы да ерекше. Өйткені өндіріске жаңадан енген ұшқышсыз ұшу аппаратының барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттепті. Тіпті оның арнайы күн көзі арқылы қуаттандыруға болатыны туралы еңбегі де бар.

Байқау кезінде оқушылар өз жобаларын тек ағылшын тілінде қорғап қана қоймай, түрлі тапсырмаларды орындаған. Аэроғарыштық жарыстар жөнінде түрлі шеберлік сабақтарға қатысып, болашақтықтармен жүздеседі.
Сымбат Орынбасар мен Диана Әділханның қуанышында шек жоқ. Қазір жас ғалымдар Лондонға ұшып кетті. Енді олар Granfield университетінде өзге де дарынды  оқушылармен бірге түрлі танымдық сабақтарға қатысады, бірегей жобаларын таныстырады. Оны ары қарай дамытуғамүмкіндік алады.
19 шілде 2017 г. 3 376 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 051 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930