» » EXPO көрмесiне байланысты оқу жылын кеш бастау жоспарда жоқ – БҒМ

EXPO көрмесiне байланысты оқу жылын кеш бастау жоспарда жоқ – БҒМ

 Бүгiн ОКҚ брифингi барысында ҚР БҒМ өкiлдерiне EXPO-2017 көрмесiнiң өтуiне байланысты елордалық оқушылар мен студенттер үшiн оқу жылы кешiрек басталу-басталмауына қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


«Аталған мәселе бiрнеше рет қаралды. Бiлiм және ғылым министрлiгi әзiрге ондай бастаманы жоспарлап отырған жоқ. Егер Астана әкiмдiгi сәйкес шешiм қабылдаса, онда сол туралы өзi жариялайды», - дедi БҒМ жауапты хатшысы Арын Орсариев.


Еске салсақ, елордада 10 маусымда ашылған EXPO-2017 халықаралық көрмесi 10 қыркүйекке дейiн жалғасады.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ



25 шілде 2017 г. 56 762 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 019 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031