» » Атырау облысының білім басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысының білім басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен білім беру басқармасының басшысы болып Гүлнар Сәдуақасова тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа басшыны ұжымға таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлнар Сәдуақасова еңбек жолын 1989 жылы бұрынғы Гурьев музыка училищесі, қазіргі «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінде концертмейстер қызметінен бастаған.

1993-2007 жылдары колледжде музыка теориясы пәнінен оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары боп жұмыс істеді.

2007 жылдың қазан айынан бүгінге дейін «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Гүлнар Сәдуақасова облыстық балалар музыка мектептері басшылары кеңесінің төрайымы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Биылғы ақпанда облыстық білім басқармасы басшысы Сатқан Есенғалиев қызметінен кеткен еді. Ол бұл лауазымға екі рет тағайындалған. Алғаш рет 2011-2013 жылдары Атырау облыстық білім басқармасына басшылық еткен. Ал, 2020 жылғы 11 тамызда аталған басқармаға екінші рет басшы болып тағайындалған .

Осы кезге дейін облыстық білім басқармасы басшысының міндетін Айнагүл Дүйсекенова атқарып келді.

02 қыркүйек 2022 г. 11 367 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 743 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930