Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық жас кешенді тест тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді тест тапсыру төрт жоғары оқу орнының базасында өтуде. Биылғы жылы сынақтан өтуге орта білімі бар 4 мыңға жуық жас қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Мәселен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға биыл 3 мыңға жуық жас құжат тапсырған. Оның 1072-сi колледждердi бiтiрiп келгендер. Ал, Қазақстан инженерлi-педагогикалық Халықтар Достығы университетiнде 900-ге жуық үмiткер бақ сынады. Оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Айгүл Қуанышқызы олардың 720-сы қазақ тiлiнде, 171-i орыс тiлiнде тест тапсырғанын айтады. Тестілеудің қортындысы бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша өткiзiлетiн конкурсқа қатысатын болады.