» » Назарбаев Университеті өнертабысқа алғашқы АҚШ патентін алды

Назарбаев Университеті өнертабысқа алғашқы АҚШ патентін алды

«Nazarbayev University Research and Innovation System» (бұдан әрі – NURIS) жеке мекемесі «Объектінің үстіңгі бетін түрлендіру құрылғысымен қосарланған сканерлейтін зондты микроскоп» өнертабысына Америка Құрама Штаттарының алғашқы патентін алды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
Аталғыш қондырғы микроскоппен жұмыс істеу барысында бейнелердің сапасын жоғарылату кезінде техникалық нәтижені жақсартады.
2012-2018 жылдар аралығында NURIS (Назарбаев Университет) өнертабысқа арналған тағы 45 патенттің, соның ішінде 41 ұлттық (қазақстандық) және 4 еуразиялық патенттердің меншік иесі атанғандығын атап өткен жөн.
NURIS Коммерцияландыру кеңсесі Назарбаев Университеті ғалымдарының өнертабыстарын нақты өндірістік қызметке енгізу мақсатында, нарықта жұмыс істейтін компанияларға зияткерлік меншікті сату бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні ҚР-ның өнертабысқа/пайдалы модельдерге арналған 8 патенті бойынша 3 лицензиялық келісім жасалды; лицензиялар мынадай компанияларға берілді: «Аккумуляторлар институты» ЖШС, «Kun Tech» ЖШС және «R&D Engineering» ЖШС.
12 қазан 2018 г. 18 322 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 235 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031