» » Гонконг және Ұлыбритания университеттері қазақстандықтар үшін 20 PhD грантын ұсынды

Гонконг және Ұлыбритания университеттері қазақстандықтар үшін 20 PhD грантын ұсынды

 Алматыда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Алматы Менеджмент Университеті, University of Loughborough және The HongKong Polytechnic University қатарлы оқу орындарымен бірлесіп халықаралық білім көрмесін өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«International Education Cooperationdays», яғни «Халықаралық білім ынтамақтастығы күні» деп аталатын іс-шарада Гонконг және Ұлыбритания мемлекеттерінің екі университеті қазақстандықтар үшін 2019-шы оқу жылына PhD бағдарламасы бойынша 20 грант ұсынды.

«Осы шара барысында қазақстандық студенттер Гонконг пен Ұлыбританияның ең үздік, мықты оқу орындарының профессорларымен танысып қана қоймай, 20 адам университтетің арнайы грантына ие болып, PhD бағдарламасы бойынша University of Loughborough және The HongKong Polytechnic University оқу орындарында өз білімдерін жетілдіретін мүмкіндікке ие болды» - дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға Алматы менеджмент университеті, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы технология университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Назарбеав интеллектуалдық мектептері, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Солтүстік Қзақстан мемлекеттік университеті, Есенов университеті қатысып, шетелдік оқу орындары өкілдері мен шараға келген қазақстандықтарға өз оқу орындары жайлы таныстырылым өткізіп, ақпараттармен бөлісті.

Осы орайда, қараша айында ҚР Білім министрлігі мен “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ бірлесе отырып ұйымдастыратын, Азия бойынша ең ірі Білім көрмесі өтетіндігін естеріңізге саламыз.

Көрме Қазақстанның төрт қаласында өтеді.

Астана 10 - 11 қараша «Palace of Independence»

Атырау 12 - 13 қараша «Renaissance hotel»

Шымкент 14 - 15- 16 қараша «Rixos Khadisha»

Алматы 17 қараша «Rixos Hotel»

Үлкен мүмкіндік, жаңа бағыт, ауқымды шара, ірі көрмеде өзіңізге қажетті ақпаратты алыңыз!


02 қазан 2018 г. 1 590 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 951 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031