» » ҚазҰУ-да Бүкіләлемдік корей форумы өтті

ҚазҰУ-да Бүкіләлемдік корей форумы өтті

 Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады.Бұл туралы ҚазҰУнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда. 

  Бүгінде Қазақстан адамзаттың жаһандық мәселелерін шешу үдерістерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы бейбіт бастамасы мен идеялары әлемдік бірлестік тарапынан қолдау тауып, қызу талқылануда, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінде өзекті рөл алады. Қазақстан қазіргі күні күрмеуі қиын күрделі проблемаларды реттеуде шартараптық диалог алаңына айналды.  

Айтулы Жаһандық корей қоры Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Австралия елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында 17 форум ұйымдастырды. ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы ретінде  әлемнің 12 елінен 150 қатысушыны қабылдады. Олардың арасында танымал саясаткерлер, дипломаттар мен ғалымдар, кәсіпкерлер, журналистер және қоғамдық ұйымның жетекшілері бар. 

Форумды ашқан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Қазақстандағы ұлттардың мызғымас достығы мен бірлігі − еліміздің орасан зор жетістігі. Қазақ жеріне жер аударылғанына биыл 80 жыл толған корей диаспорасының Қазақстан халқының тату жанұясында өзіндік орны бар. Қазақстандық корейлер Корей түбегі мен Еуразия континенті арасындағы тұрақты көпір рөлін атқарады», - деп айрықша атап өтті.

Шараның пленарлық және секциялық отырыстарында «Корей түбегі және әлем», «Кореяның бөлінуі және Корей түбегіндегі әскери іс-әрекеттер кезеңі», «Мульти-полярлық кезеңдегі Азия», «Корей түбегі үшін бейбіт келісімге қол жеткізу», «Орталық Азиядағы диаспоралық қауымдастықтар», «1937 жылғы күштеп жер аудару туралы тарихи естелік» сияқты тақырыптар талқыланды.

Жаһандық Корей қорының президенті Ри Чжанчху айтқандай, Қазақстан мен Корея Республикасының саяси қарым-қатынастары түрлі диалог негізінде құрылып, экономика мен бизнес көкжиегінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сөйлеген сөзінде Р.Чжанчху «Екі елдің болашағы үшін мұнай, электр, құрылыс, жол, сауда, инновация секілді сан түрлі салаларда бірлесе қызмет ету маңызды», - деп мәлімдеме келтірді.

Қазақстан мен Корея қарым-қатынасын сөз еткен Шығыс Азиядағы бейбітшілік мәселелері бойынша Халықаралық конференция Комитетінің төрағасы Ли Бу Янг «Қазақ халқы осыдан 80 жыл бұрын, 1937 жылы күштеп жер аударылған корейлерге атамекенінен қоныс беріп, қолтығынан демеп, қол ұшын берді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастамасымен ұйымдастырылып жатқан форум да қазақтардың қонақжайлығының бір белгісі. Және аталмыш шараның өтуі біз үшін аса зор мәртебе», - деп тебіренісін жеткізді. Ли Бу Янг бүкіл корей халқының атынан алғыс білдіріп, корейлердің Қазақстанға көшіп келгенінің 80 жылдығына, Естелік поезды мен Форум құрметіне орай ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа ризашылық марапатын табыстады.

Атап өту керек, 23 шілдеде Владивосток қаласынан (РФ) шығып, 80 жыл бұрын он мыңнан астам корейлер күштеп жер аударылған Үштөбе қаласына (ҚР) 1 тамыз күні келіп жеткен Естелік поездының 80-ге жуық қатысушысы форум жұмысына атсалысуда. Делегация өкілдері Үштөбеге жақын Бөстөбе жотасында орналасқан мемориалды кешенде жер аударылған корейлерді еске алу кешін өткізіп, қолдау көрсеткен қазақ халқына ризашылықтарын айтты.

Форум шеңберінде Корей театры әртістерінің қойылымы көрсетілмек және корей қоғамы, БАҚ өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

     
04 тамыз 2017 г. 2 698 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 771 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031