» » Рухани жаңғыру аясындағы сұхбат

Рухани жаңғыру аясындағы сұхбат

 Бүгін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков пен университеттің профессор-оқытушылары, студенттері «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық телеарнасының «Елім менің» бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы АӨМУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Сұхбат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау мен университеттің дамуына, оқыту формаларына, алдағы жоспарларына арналды.Сұхбат барысында университет ректоры алдымен бағдарламалық мақаладан туындайтын міндеттер төңірегінде ой қозғады.

Елбасының бұл мақаласы – мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжаты болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының университетте іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.

Бауыржан Аманкелдіұлы:  «Оқу орнына басшылық қызметке келген кезде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарыққа шығуымен тұспа-тұс келдім. Бұл – үлкен серпіліс болды деп ойлаймын. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Стратегиялық жобасы БжҒМ-нен бекітіліп алынғаннан кейін, сол жобаны жоспарлы жүзеге асыруға күш салып келеміз. Ең алдымен Маркетинг орталығы құрылды. Осы орталықтың құрылуы аясында Кәсіби бағдар беру жұмыстарына да көп көңіл бөлінді. Біздің университетте  9000-нан астам студент болған, ал биылғы 2017-2018 жаңа оқу жылына 4000-ға жуық студентті қабылдадық. Бұл үлкен жетістік.  Ақтау, Атырау қалаларында  біздің бөлімшелер ашылып, құжат қабылдауда жағдайлар жасалды. Биыл алғаш рет «Серпін» бағдарламасы бойынша 250ден астам студент қабылдадық. Барлығы 700ден аса студент бар. Олардың барлығы жатақханамен қамтамасыз етілген»,-  деді. 

Бауыржан Ердембеков  әлемдік білім кеңістігінде бәсекелестік орнаған осы кезеңде уақыт ағымына сай білім беру - басты талап деп атап көрсетіп, үздік тәжірибелерді өзге де оқу орындарына тарту өз алдына маңызды екендігіне тоқталды.

Сұқбат барысында сондай-ақ, зертханалар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен инновациялық технологиялар паркі, түлектерді жұмысқа орналастыру сынды әңгімелер өрбіді. Университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы студенттерді өндіріс орындарында мейлінше тәжірибеден өткізу туралы мәселесін қолдап, қазір осы мәселеге орай тиісті шаралар қолға алынғанын жеткізді.

«Рухани жаңғыруға байланысты біздің бабаларымыз бен тарихымызды қайта жаңғырту мәселесі сынды нақты қадамдар жасалды. Заманында жарты патша атанған Дербісәлі Беркімбаевтің ұрпақтары университетімізден кабинет ашып берді. Белгілі тұлға, әдебиетші Әнуар Дербісалин кабинетін ашу, университет өз тарапынан Жұбановтың кабинетін ашу жоспарлануда. «Ақтөбе - құтты мекен» Республикалық форумының аясында Университет күндері өтеді. Сол кезде бірнеше нысандар ашылады. Солардың бірі - Жаңа Инновациялық технологиялар паркі. Технологиялар паркі ішінде 20-ға тарта түрлі лабораториялар ашылады. «Жұбанов университеті» атты баспа, Медиацентр  және Студенттерге қызмет көрсету орталығы, Жұбанов атындағы кабинет ашылғалы жатыр. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында 80-ге жуық жастар, PhD докторлары, ғылым кандидаттары, үш тілді еркін меңгерген магистрлерді  кафедраларға оқытушылық қызметке қабылдадық. Бұның барлығы  Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қосқан үлесіміз деп ойлаймыз» деді, сұқбат кезінде университет ректоры алдағы жоспарларымен бөлісіп.   

Сонымен бірге, мектеппен байланыс, мамандандыру мәселесі (журналистика мамандығын ашу), өндіріспен байланыс, қосарланған мамандықтарды ашу, қалалық, облыстық мекемелермен тығыз байланыс орнату, университет рейтингі туралы, қашықтықтан оқыту формасы мәселелері айтылды.

Телеарна журналистері университет ректорымен сұқбаттан соң  Жұбанов Университетінің тарихы және материалдық-техникалық базасымен, ондағы заман сұранысына сай мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін гранттарымен, әлеуметтік жеңілдіктермен танысты.

Университет ректорынан соң Халықаралық байланыстар орталығының директоры, профессор Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы сұхбат берді. «Біздің оқу орны әлемдегі бірнеше жоғары оқу орындарымен  халықаралық ынтымақтастық орнатты.

Жұбанов Университеті Европа, Азия, АҚШ жоғары оқу орындарымен келісімшартқа отырып, студенттер мен оқытушылардың білім алып, тілдік тағылымдадан өтуіне мүмкіндіктер жасалып отыр. Екінші бір үлкен шарт – қостілдік диплом беру бағдарламасы. Польшаның университетіне жолдама алып, екі жылдық біліммен қос дипломды игеру бағдарламасына жол ашты. Бұл – елімізде білім мен ғылым саласындағы жастарға жасалып отырған маңызды жоба деп ойлаймын».

Сондай-ақ, Гүлжан Тыныштықбайқызы университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы, ірі компаниялармен бірге жұмыс жасау барысы, шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс жасау жұмыстарына да тоқталды.

Техникалық факультетінің 3-курс студенті Мырзағұлов Ерхан: «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша университетімізде бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Университетте жуырда Инновациялық технологиялар паркі ашылмақ. Бұл парктің жұмысы біз үшін өте зор, студенттер үшін пайдасы да көп деп ойлаймын. Сонымен қатар Студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылатыны да біз үшін қуаныш», - деді.

Маркетинг орталығының директоры Мырзашова Алтын Қуанышбекқызы: «Жұбанов университетінің 2017 жылғы жаңалықтарының бірі – жаңа құрылымдардың ашылуы. Соның бірі -  Маркетинг орталығы. Облысымыз бойынша тек біздің университетте Маркетинг орталығы қызмет етеді. Оның қызметі өте ауқымды. Нақты кәсіби бағдар қалыптастыру, оны үйрету. Біз жұмысымызды 2017 жылдың сәуір айынан бастадық. Мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бір қуантарлық жағдай, осындай кездесуден кейін көптеген ата-аналарымыз біздің орталыққа хабарласты. Биыл 17000нан астам талапкермен жұмыс жүргізгенбіз. Соның ішінде Ресейде, Қытайда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда білім беру көрмелері болды. Сол көрмеге біз де қатысқанбыз. Соның нәтижесінде Өзбекстан Республикасынан 12 адам күндізгі бөлімде оқуға қабылданды»,- деді өз сөзінде. Маркетинг орталығының университеттегі атқаратын қызметтеріне тоқталып өтті.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жастарға көп мүмкіндік беріліп отыр. Сол жастың бірімін. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті болғанымды мақтанышпен айта аламын. Біздің жоғары оқу орынында әр студент үшін көп жағдай жасалған. Шетелде білім алу, жатақхана мәселесі басқа да студенттерге қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған», - деді, филология факультетінің 2-курс студенті Байнақ Айбану.

Бірінші проректор Шүңкеев Қуанышбек Шүңкейұлы: «Университетте Инновациялық технологиялар паркі ашылғалы отыр, бұл жерде он беске жуық зертханалар бар. Олардың негізгі тақырыбы – университет ғалымдарының ғылыми еңбектерін коммерциализация жасау», - деп, «Минералдарды байыту технологиясы» зертханасына тоқталып, оның жұмыстары жайлы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, телеарна журналистіне Инновациялық технологиялар паркінің директоры Әмірбек Зарлықұлы жуырда ашылатын парктің зертханалары мен кабинеттерін толықтай таныстырды. 

Сұқбаттың толық нұсқасын алдағы күндері «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық телеарнасында Гүлшат Сапарқызының «Елім менің» бағдарламасынан көре аласыздар.

  
20 қыркүйек 2017 г. 8 734 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 749 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 758 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031