С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ әлеуметтік жобалар сайысының жеңімпазы атанды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жақында Астана қаласы бойынша ұйымдастырылған әлеуметтік жобалар байқауының жүлдегері атанды.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Байқауды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Сайысқа Елордадағы ірі қоғамдық бірлестіктер, жоғары оқу орындары, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар қатынасты. Арнайы құрылған комиссия С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дағы әлеуметтік салада атқарылып жатқан іргелі істерге жоғары баға беріп, қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпазы деп таныды, сөйтіп, бірауыздан республикалық сайысқа жолдама берді.
ҚазАТУ-да студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында үлкен жетістіктер бар. Соңғы оқу жылында Астананың сол жағалауынан 120 отбасылық 3 жатақхана пайдалануға беріліп, онда магистранттар мен докторанттар, «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жас ғалымдар қоныс тепті. Үстіміздегі жылдың мамыр айында 800 орындық жатақхана іске қосылып, студенттерді баспанамен қамту деңгейі 75%-ға жеткізілді. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің санатында. ҚазАТУ-да көп балалы отбасынан шыққан, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер оқу орын басшылығының жңтң назарында. Университет осы санаттағы жандарға тегін тамақ береді, кеңсе заттарымен қамтамассыз етеді, жазғы демалыс-сауықтыру орындарына жолдама береді, атаулы шәкіртақы таңайындайды. ҚазАТУ-дың асханалар желісінің бағасы қала бойынша ең арзан. Кешенді тамақтану бағасы 290 теңге тұрады. Дәріхана, азық-түлік дүкені, тіс емханасының қызметінің құны қала бойынша ең төмен. Университеттің аумағында студенттік емxана жұмыс істейді. Күз айларында университет ұжымына картоп, ет өнімдері арзан бағада сатылады. Әлеуметтік жағдайы төмен жандарға Кәсіподақ ұйымы тегін көкөніс таратады. Осы жайттарды есепке ала отырып, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің Астана қалалық департаменті С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды әлеуметтік жобалар конкурсының іріктеу турының жеңімпазы деп таныды.