» » «Каспий серпін толқыны» республикалық форумының «Мамандығым-мақтанышым» атты ашылу салтанаты өтті.

«Каспий серпін толқыны» республикалық форумының «Мамандығым-мақтанышым» атты ашылу салтанаты өтті.

 Бүгін Маңғыстау облысында «Хан-Шахар» салтанат сарайында «Мәңгілік ел жастары-индустурияға»-«Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «Каспий серпін толқыны» республикалық форумының «Мамандығым-мақтанышым» атты ашылу  салтанаты өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Шараға «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы  150 студент, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекет органдар басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас мамандар, ата-аналар және облысымыздың барлық аудан, қалаларынан  мектеп, колледж бітіруші түлектері қатысты, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 Форум мақсаты мен міндеттері: «Мәңгілік ел жастары-индустурияға»-«Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың өңірлер арасында байланыс орнатуы, өзара тәжірибе алмасуы және жаңа бастамалар мен идеялар қолдау. 18-29 жас аралығындағы жастарға «Серпін» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылының білім грантына түсу жолдары, маңыздылығы туралы мәлімет беру.

Форум аясында серпіндіктердің идеялары мен пікірлері тыңдалды.  Жоба бойынша атқарылып жатқан игі істер, Серпіннің жастарға беретін серпілісі жөнінде өз ойларымен бөлісті.

 Аталған жоба бойынша мектеп бітіруші түлектер, колледж студентерімен кездесу жиыны өткізіліп, жобаның маңыздылығы түсіндірілді.

 Өңір тарихымен танысып, қаланың теңіз жағалауына саяхат жасалды.

Елбасының Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Мәңгілік ел жастары-индустурияға»-«Серпін» әлеуметтік жобасымен жұмыс жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба білікті мамандар даярлаумен қатар, жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы үшін жасалған өміршең жоба. Жоба аясында  2017-2018 оқу жылында 4513 грант бөлініп, оның 3793 –і жоғары оқу орындарына,

720-сы колледждерге берілді.

Мемлекет тарапынынан беріліп жатқан гранттар педагогика, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, медицина мамандықтары бойынша қарастырылған.

Жоба бойынша 2015 жылы 23 студент, 2016 жылы 125 студент, 2017 жылы 1007 студент колледж бітірді.

Форум Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы Ұлттық жобалар басқармасы мен Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастырумен өткізілді.

Серпіндіктер үшін Каспий теңізі жағалауында орналасқан «Балдаурен» демалыс орталығында дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер, спорттық шаралар мен көңіл көтеру бағдарламалары ұйымдастырылады.

  
08 қыркүйек 2017 г. 2 168 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930