» » Дәстүрлі «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы өз мәресіне жетті

Дәстүрлі «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы өз мәресіне жетті

 Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында қалалық деңгейдегі «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі шараның жоғары деңгейде өтуіне  Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Керемет» жастар ресурстық орталығы және бас ұйымдастырушы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сенаты ұйымы атсалысты.

Аталмыш байқаудың алғашқы іріктеу кезеңіне қаламыздың 28 университетінен 1142 өтініш келген болса, екінші кезең – жартылай финалға 16 университеттен 51 қатысушы жолдама алды. Шешуші кезеңде 9 жоғарғы оқу орнынан 20 үміткер бақ сынады.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Д.А.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы, Халықаралық бизнес университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен іріктелген қатысушылардың ақтық сайысы төрт кезеңнен тұрды: 1-сайыс – таныстыру, 2-сайыс – сұрақ-жауап кезеңі, 3-сайыс – өнер сайысы, 4-сайыс – сән үлгісін көрсету. Сайыс барысында арулар мен жігіттер барын салып, шын мәнісінде нағыз ару және сұлтан болуға лайық екенін көрсетті.

Таныстыру бөлімінде қатысушылар өздерін қалың жұртшылыққа таныстырып, баптап бәйгеге қосқан университетін айтса, сұрақ-жауап бөлімінде сан түрлі сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып, өз таным-білімдерінің ауқымын көрсеткен болатын. Көрермен жүрегіне жол тартқан өнер сайысы болды. Әр қатысушы бойындағы өнерін халыққа көрсетіп, дәлелдей білді. Бірі әуелете ән шырқаса, енді біреулері актерлік қабілеттерін көрсетті. Талантты жастар домбыра құлағында да шебер ойнап, мың бұрала би биледі. Сән үлгісін көрсету бөлімінде демеушілік көрсеткен сән үйі киімдерін көрсетіп, отандық сәнді киімдер үлгісін көрсеткен болатын. Сондай-ақ қатысушыларды қолдап, отандық әншілер де келді. Атап айтсақ, AYREE, «AlemBand» тобы және Ғазизхан Шекербеков өнерін көрсетіп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.

Сонымен сайыс қорытындысы бойынша, 10 ару мен сұлтан  арнайы номинацияларға ие болды. «Қыз сыны – 2017»  байқауында «Көрікті ару» номинациясымен Маржан Жетпісбаева, «Сезімтал ару» номинациясымен Лаура Кадирова, «Қылықты  ару» номинациясымен Аружан Махамбет, «Рухты Ару» номинациясымен Динара Шамишева, «Ибалы ару» номинациясымен Ақмарал Сиықова, «Қайсар ару» номинациясымен Аружан Қаратаева, «Талантты ару» номинациясымен Мадина Сабырбек, «Мөлдір ару» номинациясымен Айбарша Атауова, «Өнегелі ару» номинациясымен Анна Ульченко, «Кербез ару» номинациясымен Меруерт Искакова марапатталды.

«Жігіт сұлтаны–2017» байқауында «Дарынды сұлтан»  номинациясының иегері Біржан Түймехан, «Білекті сұлтан» номинациясының иегері Рахмет Ермек, «Сымбатты сұлтан» номинациясының иегері Қайырбек Нұрәлі, «Тапқыр сұлтан» номинациясының иегері Торғай Сұлтан, «Төре сұлтан» номинациясының иегері Смадияр Бағдад, «Байсалды сұлтан» номинациясының иегері Ізбасар Азат, «Өнерпаз сұлтан » номинациясының иегері Нажмадин Ғани, «Жайдарлы  сұлтан» номинациясының иегері Нұрғазы Алмат, «Жігерлі сұлтан» номинациясының иегері Орынғали Ғазиз, «Жалынды сұлтан» номинациясының иегері Амангелді Нұрдәулет атанды.

Жүлделі ІІІ орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен Айбарша Атауова және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Орынғали Ғазиз, ІІ орынды Дінмұхамед Қонаев атындағы заң академиясынан Анна Ульченко және Алматы технологиялық университетінен Түймехан Біржан Нұрбекұлы иеленсе, І орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Аружан Қаратаева және Бағдад Смадияр жеңіп алды. Бас жүлдені Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен Маржан Жетпісбаева және С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен Рахмет Ермек Ерланұлы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар «Dostіk travel» туристік компаниясы ұсынған Дубайға жолдаманы иеленді.

29 қараша 2017 г. 10 931 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 730 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 753 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031