» » «Аяқтарың істемей, сал болып қалсын!». Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қарғады

«Аяқтарың істемей, сал болып қалсын!». Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қарғады

 Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы орта мектептердің бірінің мұғалімі сабақ кезінде екі оқушыны қарғап-сілеген. Оқушылардың бірі болған оқиғаны ұялы телефонына жасырын түсіріп алып, бейнежазбаны «Озодлик» радиосының редакциясына жіберіпті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Бейнежазбада мұғалім екі оқушыны қарғап жатқаны анық естіледі.

«Алла жазаларыңды берсін! Аяқтарың істемей, сал болып қалсын! Жер бауырлап жатып қалыңдар! Алла жазаларыңды берсін! Жанжалқой дейтіндей не істеп қойдым? А?! Айтшы, Абдулла, сен мені жанжалқой дейтіндей не істеп қойдым?!

Алла жазалайды сендерді. Алла жазаңды берсін. Сенің де Алла жазаңды берсін. Өніп-өспеңдер! Оқуға да түсе алмай қалыңдар. Алла жазаларыңды берсін», - дейді ол өз оқушыларына.

Мұғалім балаларға не үшін ашуланғаны белгісіз. Алайда «Озодлик» тілшісі жазбадағы «кейіпкерді» тауып, сөйлескен екен.

«Ондай мәліметті қайдан алдыңыз? Дәлеліңіз бар ма?»,- деп сұрайды мұғалім телефонмен әңгімеде.

Репортер: Иә, бізде видеожазба бар.

Мұғалім: Видео бар дейсіз бе? Демек дәлеліңіз бар ғой? Алдымен дәлелдеңіз! Ондай ештеңе болған жоқ. Ондай нәрсе болмағанына сенімдімін, інім.

Репортер: Оқушыларыңызды қарғайсыз ба?

МұғалімСаған айтып тұрмын. Ол жазбаңды облыс әкімдігіне алып бар. Шухратбек Абдурахмановқа көрсет. Неге түсінбейсің. СНБ-ге, прокуратураға, Музаффар Эгамбердиевке көрсет. Менің басымды ауыртпа.

«Озодлик» репортері бейнежазбаны мұғалімге жіберді. Сәлден соң тағы да хабарласып көрді. Ашуланған мұғалім телефонның ар жағынан: «Сонда мен оларға сол сөзді де айта алмаймын ба?» дейді.

Репортер: Демек, жоққа шығармайсыз ғой? Бұған дейін оқушыларды қарғамадым деп едіңіз?

Мұғалім: Оларды ұрған да, балағаттаған да жоқпын. Ұрған жоқпын ғой? Солай емес пе?

Репортер: Алайда бала қорқып отырғаны көрініп тұр. Қасыңызда қалтырап тұр ғой.

Мұғалім: Бала қорыққан жоқ. Ол не, қорыққанынан талып қалды ма, мұрнынан қан кетті ме? Менің жұмысымның нәтижесін көріп отырсың.

Репортер: Қолыңызды қайта-қайта бұлғап, баланы қорқытқансыз.

Мұғалім: Көзінен жас та шыққан жоқ балалардың.


21 қыркүйек 2017 г. 11 098 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 490 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930