Семейде колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

Жәрмеңке барысында құрылыс, көлік және "InnovativeCollege" оқу орындарының 60 түлегімен үш жақты келісімге қол қойылды. Биыл облыс бойынша 208 түлек "Серпін - 2050" бағдарламасы бойынша оқу орындарын аяқтайды.
"Түлектер жұмысқа орналасып, біздің өңірде жұмыс істейтін болады. Зайсан ауданындағы компаниялардың бірі колледждердің 5-7 түлегін жұмысқа қабылдауға дайын екендігін айтты. Жас мамандар өңірдегі жол құрылысымен айналысады. Мердігер компания түлектерді тұрғын үймен және тамақпен қамтамасыз етеді",- деді" Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Автор: Бағым Ғалымбекқызы
Дереккөз: КазАқпарат