» » Оқуға түсе алмаған 21 мыңға жуық мектеп бітірушіні 321 колледж қабылдауға дайын

Оқуға түсе алмаған 21 мыңға жуық мектеп бітірушіні 321 колледж қабылдауға дайын

 Оқуға түсе алмай қалған 21 мыңға жуық мектеп түлегінің басқа да мүмкіндіктері бар. Оларды 321 колледж қабылдауға дайын. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

 Жиында Біржан Нұрымбетов «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Халықты жаппай оқыту мақсаты – еліміздегі еңбек ресурстары сапасының төмендігінен туындаған болатын. Ресми статистика бойынша, жұмыссыз халықтың 25 пайызының орта мектептік білімі ғана бар. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында жартысы, яғни 49 пайызы арнайы білімі немесе кәсіби дағдысы жоқ адамдар. Сондықтан да оқыту шаралары бірінші кезекте ҰБТ-дан өте алмай, оқу орындарына түсе алмай қалған мектеп түлектеріне қатысты болады. Бүгін таңда 21 мыңға жуық осы мектеп бітірушілерді 321 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 1 қыркүйектен бастап қабылдауға дайын», – деді ол.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі оқуға қабылданғандарға шәкіртақы, бір мезгілдік ыстық тамақ, сырттан келгендерге жол шығындары мен тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу үшін материалдық көмек берілетінін атап өтті.

«Біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, осы қысқа мерзімдік оқуды шілде айынан бастап, басым түрде кәсіпорындардың жанындағы оқу орталықтары арқылы ұйымдастыруды бастадық. Себебі мұндай ұстаным – білім беру сапасымен қатар олардың одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыратын көрінеді. Ол үшін кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қойып, бағдарламаға қажетті түзетулер енгізіліп, жұмыс берушілердің жанынан әзірше 39 оқу орталықтарының тізбесі айқындалды. Бұл тізбе әлі де толығатын болады. Сонымен жыл соңына дейін қысқа мерзімдік кәсіптік оқумен 70 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ вице-министр аталмыш мемлекеттік бағдарлама бойынша өңірлер бөлінісінде оқыту қарқыны әр түрлі екенін алға тартты. Мәселен, Алматы қаласында қысқа мерзімдік курстармен жоспарланған көрсеткіштің 10  пайызы, Ақтөбе облысында 18 пайызы, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында 25 пайызға жуығы ғана қамтылған.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға сәуір айынан бастап 28 мың жұмыссыз азамат қатысқан.

Дереккөз:kaz.365info.kz
10 тамыз 2017 г. 2 095 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 855 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 746 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930