«Ел тұғыры – Тәуелсіздік»
Мақсаты: Еңселі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау арқылы педагог ұстаздарға жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімдерін ояту, ел тарихының өткен кезеңдері мен даму тарихы жөнінде танымдық әлеуетін арттырудың әдіснамалық жолдары ұсынылды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қашықтық жағдайында және zoom форматында өткізілген іс-шараны директордың инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Б.Ахтаев ашып берді. Ол еліміздің отыз жылдық төл мерекесін ұлықтау үшін институт тарапынан бірқатар іс-шаралар дайындалып жатқанын айтып, өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр болатыны айтып қорытындылады. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Рахимжанова кафедраның аға оқытушыларының уақыт талабына сай білім беру саласындағы оң өзгерістерге ат салысып, педагогтердің кәсіби шеберліктерін шыңдауда үлес қосып жатқандарын айтты.
Онлайн форматындағы іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан кафедраның аға оқытушылары Қайрат Сағынтайұлы Сағынтаев (модератор), («Тәуелсіздік тірегім"), Әлия Махатқызы Естемирова («Еңсесі биік еліміздің ұлттық құндылықтарын ұлықтауда тәрбинің рөлі») және т.ғ.к. Байназарова Бағлан Әшімбекқызы («Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының кезеңдері мен сабақтастығы") тақырыптарында баяндама жасап, қатысушыларды пікірлерімен бөлісуге шақырды..
Дөңгелек үстел барысында тыңдаушылар тарапынан Тәуелсіздігіміз туралы терең ойлар қозғалып, жас ұрпақтың санасына тәуелсіздік ұғымын сіңіру, онық қадір – қасиетін сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізу қажеттігін, аға ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен өмірлік тәжірибесі үлгі болатыны, білім сапасын арттыруда атқарылатын жұмыстар жөнінде пікірлерін айтты. Кері байланыс кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар онлайн кездесуге жоғары баға беріп, жылы лебіздерімен алмасты.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы
және Шымкент қаласы бойынша
ПҚБАИ аға оқытушысы, т.ғ.к. Байназарова Б.Ә.