СДУ білімгері «ҚР Үздік студенті – 2022» атанды


«BILIM ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада еліміздің барлық өңірінен 100 белсенді студент марапатталды. Үздіктер қатарынан көрінген Сулейман Демирель атындағы университеті «Журналистика мектебінің» 2 курс студенті Айдана Тегисова І дәрежелі дипломға және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Студенттің айтуынша, ол байқауға, алдымен, жетістіктері туралы ақпарат ұсынып, ІІ кезеңде эссе жазған.
«Алғашқы турда өзіміз туралы ақпарат жібердік. Екінші турда тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қатысты тың идеяларымызбен бөлісуіміз керек болды. «Тәуелсіз Қазақстанды дамыту үшін…» деген тақырыпта эссе жаздық. Нәтижесінде жұмысым үздік деп танылып, Астана қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатыстым. Болашақта мықты журналист атанып, қоғам мен БАҚ арасында көпір болғым келеді. СДУ-дан кейін шетелде білімімді жетілдіруді жоспарлап жүрмін», – деді жеңімпаз.