» » Қостанай өңірлік университетінің студенті кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Қостанай өңірлік университетінің студенті кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының құрамында Қостанайдан 5 спортшы аттанды. Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Нұржас Байниязов пен Нұралы Серіков бар.

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 1 курс студенті Нұралы Серіков 4 жекпе-жектің нәтижесінде кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Ол Әзірбайжан, Литва, Өзбекстан елдерінің және Тараз қаласының 57 салмақтағы спортшыларымен рингта кездесіп, жеңіске жетті.

Нұралы кикбоксингпен бесінші жыл айналысады. Әлем чемпионатының нәтижесінде Нұралы Серіков Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.


Дереккөз: Қостанай өңірлік университеті


12 қазан 2022 г. 4 911 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 508 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930