» » 300-ге жуық жетім баланың құқығы қалпына келтірілді

300-ге жуық жетім баланың құқығы қалпына келтірілді

  Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жүргізген профилактикалық бақылаудың нәтижесінде 300-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқығы қалпына келтірілді. Олар жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам жәрдемақы алмаған. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісінен кейін кәмелетке толмағандарға төленбеген жәрдемақы қайтарылды, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шоттарына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.Тексеру кезінде басқа да заң бұзу анықталды. Мысалы, жетім балаларды баспана кезегіне қою мерзімдері сақталмаған. Қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің есеп беруіне және жетім балалардың жылжымайтын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиісті бақылау жүргізілмеген.Анықталған заң бұзу бойынша комитет сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама берді. Бірқатар басшы мен маман 30 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.«Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шоттарына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.Тексеру кезінде басқа да заң бұзу анықталды. Мысалы, жетім балаларды баспана кезегіне қою мерзімдері сақталмаған. Қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің есеп беруіне және жетім балалардың жылжымайтын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиісті бақылау жүргізілмеген.Анықталған заң бұзу бойынша комитет сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама берді. Бірқатар басшы мен маман 30 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.
22 желтоксан 2022 г. 11 130 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 127 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 863 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031