» » Қызылордалық 62 түлек Ресейдің білім гранттарын ұтып алды

Қызылордалық 62 түлек Ресейдің білім гранттарын ұтып алды

 Қызылорда облысының 62 түлегі Ресейдің білім гранттарын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
 2017-2018 оқу жылында Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу институтына (МИСиС) - 14 түлек, К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне - 24, Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технологиялар және дизайн университетіне - 24 бала оқуға түсті. Барлығы 62 түлек білім гранттарына ие болды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Ресей Федерациясының жетекші оқу орындарында оқитын қызылордалық жастармен кездесуінде айтылды. «Аймаққа қажетті мамандарды даярлау мақсатында Сырдың өздеріңдей талапты түлектері Мәскеу мен Санкт-Петербургтің ең беделді жоғары оқу орындарына түсіп, Ресей мемлекетінің есебінен білім алуда. Осы бастаманың арқасында үш жыл ішінде 400-ге жуық түлегіміз оқуға қабылданса, биыл олардың қатары тағы да 62 түлекпен толығып отыр. Болашақта осы түлектер елге оралып, ІТ, тау-кен, металлургия, мұнай, күрделі қосылымдар, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тағы басқа салаларда аймақта индустриалды-инновациялық жобалардың сәтті іске асуына, экономикамыздың өркендеуіне өздерінің үлесін қосатын болады деп үміттенеміз», - деді облыс әкімі Қ. Көшербаев. 2014 жылдан бастап қызылордалық 390 студент Ресей Федерациясы үкіметінің қаржысы есебінен Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу институтында 19 мамандық бойынша - 204 студент, К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде 22 мамандық бойынша - 98 және Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технологиялар және дизайн университетінде - 21 студент білім алуда. Алдағы жылы алғашқы түлектер түлеп ұшады деп күтілуде. Оқу орнын жоғары баллмен аяқтаған сутденттер «Сколково ғылым және технологиялар» институтында "магистратура" бағдарламасын жалғастырады. Бұдан бөлек, биыл 10 сала бойынша облыс әкімінің 182 білім гранты бөлінді. Айта кету керек, білім гранттары әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға берілуде. «2013 жылдан бастап облыс әкімінің білім гранты әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, әсіресе ауылдық жерлерден шыққан балаларға берілуде. 2017 жылға дейін барлығы 512 түлек облыс әкімінің білім грантына ие болды. Биыл түрлі салалар бойынша 182  грант қостық. Осы мақсата облыстық бюджеттен 101,7 млн. теңге қаржы бөлінді»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Бахытжан Сайлыбаев.       Департаменттің мәліметтеріне қарағанда, осы жылы техникалық мамандықтарға 40 грант бөлінсе, оның 10-ы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша оқитын болады. АӨК саласындағы мамандықтарға тағы - 20 грант бөлінді. Өнер саласына - 27, ал археология мен этнологияға - 5 грант бөлінді. Педагогикалық кадрлар дайындауға 50 грант бөлінсе, тағы 20 грант жас дәрігерлерге резидентурада оқу мақсатында қаралды. Сонымен қатар 1 грант «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқу үшін бөлінді. Сонымен бірге 5 грант «Жерге орналастыру» мамандығына, 3 грант «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына, ал 1 грант «Журналистика» мамандығына бөлінді. 2013 жылдан бері 694 білім гранты бөлініп отыр.
 
24 тамыз 2017 г. 2 299 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031