» » Талапкерлерді қабылдау қарқынды жүргізілуде

Талапкерлерді қабылдау қарқынды жүргізілуде

 Бүгінгі күндері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2017-2018 оқу жылына студенттерді қабылдау жұмыстары табысты жүргізілуде. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салалары мамандықтарына көбірек бөліп отыр. Ағылшын тілінде болашақ мұғалімдерді даярлау мақсатында биыл «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» мамандықтары бойынша республикада бакалавриатқа білім гранттары және бейіндік магистратураға орындар бөлінді.

Республикалық мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсының қорытындысы бойынша биылғы жылы 284 талапкер Атырау университетін тандап, білім гранттарын жеңіп алды (салыстырмалы түрде алсақ былтырғы оқу жылында 1 – 4 курстарда 197 студенттер ғана білім гранттарымен оқыды).

Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті алғаш рет Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан студенттер қабылдады.

Жалпы университетке жоба аясында 100 білім гранты берілді. Биылдан бастап жергілікті бюджеттен облысымызға қажетті мамандар даярлау бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне 150 білім гранты бөлініп отыр. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа өтініштерді қабылдау 17-ші тамызға дейін университеттің қабылдау комиссиясында қабылданды.

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, аталған аумақта орналасқан ЖОО басшылары санынан қалыптастырылады. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы облыстың әкімі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы 17-25 тамыз кезеңінде өткізіледі. Конкурс нәтижесі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді және білім беру гранты иегерлерінің тізімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Биылғы оқу жылына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің күндізгі бөліміне ақылы негізде оқуға қабылданып жатқан талапкерлер ішінен өздерінің сапалы үлгерімдерін көрсете білген студенттер босаған жағдайда осы білім беру гранттарының игері қатарына ілігуге мүмкіндіктері аса зор.

 Сонымен қатар, Атырау университетіне ағылшын тілін тереңдетіп оқыту курсына мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға 50 грант және Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарына дайындық курсына 80 грант бөлініп отыр.

2017 жылы магистратураға 72 (былтырғы оқу жылында 27 грант бөлінген болатын) мемлекеттік білім гранттары бөлінді. Және де «Информатика» мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде ағылшын тілінде оқуға 6 магистрант республикалық конкурсқа түсуде.  

Биыл біздің университеттің оқытушылары үшін PhD докторантурада мақсатты дайындау үшін мемлекеттік тапсырыс негізінде 16 орын бөлінді. Онымен қатар, университет қаржысы негізінде ғылыми әлеуеті төмендеп кету қаупі бар мамандықтарға PhD докторларын дайындауға 4 орын бөлгелі отырмыз. Тиісті университеттермен келісімшарттар жасалу үстінде. Қазіргі уақытта 6 маманды PhD докторантурада мақсатты дайындаудамыз, оған осы 20 докторантымызды қоссақ, университетіміздің 26 маманы алдағы үш жылда өзімізге PhD докторы деген атақ алып оралады.

Мұнайлы өңірге ғана емес күллі республикамызға танымал, жоғары білімнің қара шаңырағы саналатын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға қабылдау тамыз айының аяғына дейін өз жұмысын жалғастырады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Арман Жұмағазиев

  
25 тамыз 2017 г. 8 100 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 712 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930