» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

 Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» ММ ақпараттық стенд жасалған, акцияның жұмысын көрсетеді. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата‑аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан.

ИП «Жапарова Сайлаухан», Балабақша "Bolashak Galaxy Kids"  демеушілігімен  балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.

Р.Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді  

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.О.Мухатова.

18 тамыз 2017 г. 27 682 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930