» » Қарағанды мектептері жосықсыз мердігерлерді сот арқылы мойындатты

Қарағанды мектептері жосықсыз мердігерлерді сот арқылы мойындатты

  Қарағандыдағы орта мектептердің құрылыс компанияларын мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізу және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талаптары қанағаттандырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
 Қарағанды мен Саран қаласының екі мектебі мердігер құрылыс фирмаларының  жосықсыз мердігер ретінде мойындалуына қол жеткізді. Қарағандыдағы №3 өнер мектебінің «National Elit Company» құрылыс компаниясына қатысты талабы қанағаттандырылды. Келісімшарт бойынша аталған фирма мектептің шатырын 2 миллион 645 мың теңгеге  жөндеуге тиіс болған. Алайда, жұмыс орындалмаған. Мердігер компания мектеп әкімшілігімен байланысқа шықпаған. Сот отырысына да келмеген. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айнұр Арапова білім мекемесінің талабын қанағаттандырды. «Осылайша сот жауапкердің жүктелген міндетін орындамағанын, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның 12-бабын саналы түрде бұзғанын анықтады. Баяндалғандарды сараптай келе, талап-арыздағы келтірілген шағымдар дәлелді деп танылды. «National Elit Company» ЖШС мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп танылсын», - деп мәлім етті судья Айнұр Арапова. Бұл кәсіпорындар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде мемлекеттік сатып алуларға қатыстырылмайды. Сонымен қатар, Саран қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі де сотта жеңіске жетті. «Эдемстрой» мердігер ұйымы сот шешімі бойынша 18 мың 696 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өтеуге міндеттелді. 


19 қыркүйек 2017 г. 1 917 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930