» » Ала жаздай құрылысшыларға «маза бермеген» Сапарбаев білім күні де жаңа мектептерден мін тапты

Ала жаздай құрылысшыларға «маза бермеген» Сапарбаев білім күні де жаңа мектептерден мін тапты

 Ақтөбеде биыл бірнеше мектеп құрылысы қатар жүрді. Жаз бойы Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңдарынан шықпай, мердігер компанияларға «маза бермеді». Екі-үш ауысыммен жұмыс істеген құрылысшылар жаңа оқу жылына үлгеруі тиіс болатын.

Білім күнінде Ақтөбе облысында 8 жаңа мектепте алғашқы қоңырау үні естілді. Облыс басшысы Ақтөбеде үш мектептің және Қандыағаштағы білім ордасының ашылуына қатысты. Салтанатты жиындарда сөз сөйлеген ол білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады, сапалы білім мен тәрбие беру жөнінде әңгіме айтты.

Сапарбаев мердігер компания басшыларына алғысын жаудырды. Дегенмен, жаз бойы жасаған ескертулерінің қаншалықты түзетілгенін де тексеріп шықты.

«Біздің мектепті салып жатқан кезде облыс басшысы қайта-қайта келді. Біресе, анаусы дұрыс емес, біресе, мына жерінде кемшілік бар деп, үнемі ескерту жасап жүрді», — дейді жаңа мектептердің бірі ашылған Кеңес Нокин ауылының шендісі. Құрылысшылар да әкім айтқан кемшіліктерді қалпына келтіруге барын жасағандарын жасырмады.

Облыс басшысы көбіне мектептердегі мәжіліс залдарына қатысты ескерту айтқан. Мектептердегі ауыз су жүйесінің дұрыстығына мән берген.

«Асханада еттартқыш бар ма? Тоңазытқыштың жаңасын алдыңыздар ма? Балалардың тамағы дұрыс болу керек. Тағы не жетпейді?» деген сарында сауалдарды Бердібек Сапарбаев мектептерді аралап жүріп, директорлар мен құрылыс компаниясы басшыларына қойды.

Облыс басшысы «Батыс-2» ауданында «Интерстиль» ЖШС салған мектепке көңілі толғанын жасырмады. Дегенмен, жаңа нысанды аралап жүріп, балалар су ішетін қондырғыдан кемшілік тапты. «Су ішетін кранның айналасын дұрыстау керек, кішкене безендіру жағы кемшін, көздің жауын алар суреттер болу керек», — деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz. 

05 қыркүйек 2017 г. 2 130 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 745 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930