» » Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмасын орындауға дайынбыз – маңғыстаулық жастар

Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмасын орындауға дайынбыз – маңғыстаулық жастар

 Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмасын орындауға шалғай өңірдің спортсүйер жас буын өкілдері тізе қосып жұмылуға әзір. Олардың бастамасымен осыдан жеті жыл бұрын 7-ші шағын аудандағы теңіз жағасында көпсалалы спорт алаңы бой көтерген болатын. Қазір мұнда республикалық деңгейдегі жарыстар өтіп жүр, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жергілікті әкімдіктер тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе, біз облыс аумағында бірнеше спорт алаңдарын тұрғызуға дайынбыз", - дейді жас буын өкілдері.

Әсіресе, жаз айлары жас баскетболшылардың жаттығуы осы орында тәулік бойы жүреді. Бұдан шыққан нәтиже жоқ емес. Бүгінде Маңғыстау облысынан шыққан екі ер және бір әйел спортшы баскетболдан Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүр.

Маңғыстау облысындағы белсенді жастар қозғалысының көшбасшысы Самсон Аракелянның айтуынша, мемлекет тарапынан қолдау табылса, спортсүйер жастар өңір көлемінде бірнеше заманауи үлгідегі спорт алаңдарын тұрғызуға дайын.

"Қолжетімді бұқаралық спорт түрлерін дамытуға резервтер табу жөніндегі Елбасы тапсырмасы маңғыстаудың спортшы жастарын қуантып тастады. Қолдау болса, облыс аумағында бірнеше спорт алаңдарын тұрғызып, өңір жастарын бұқаралық спорт түрлеріне баулуға дайынбыз. Теңіз жағасында салынған спорт алаңын өткен жылы қазақстандық қордың қаржылай қолдауымен жөндеуден өткіздік. Ендігі кезекте бұл орында көше баскетболы, 3х3 форматындағы шағын футболдан жарыс тұрақты өтіп келеді", - дейді ол.

Оның сөзінше, бүгінгі күнге дейін 6 мыңнан астам жеткіншек заманауи үлгідегі спорт алаңында жаттығу өткізді. Ал сенбі, жексенбі күндері қала тұрғындары осы жерге жиналып, түрлі деңгейдегі жарыстарды тамашалап келеді. Ашық ауада дене шынықтыру жаттығуларын жасап, ағзасын ширатамын деуші жанға спорт алаңының есігі айқара ашық.

Айта кетейік, 5 қазанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігі туралы нақты айтқан болатын. Қазақстан Президенті Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулалар, парктер мен саябақтарды жабдықтау қажеттігі сөз болды.

08 қазан 2018 г. 1 459 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031