» » Оралда мектепте балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Оралда мектепте балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

 Оралдағы №40 орта мектепте оқушылардың неден уланғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпарат тілшісі.


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 4 қазан күні болған осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізілген. 

Полиция қызметкерлері сол мектепте білім алатын оқушы қыздың бұрышты газ баллоншасын шашқанын анықтады. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталмыш мектепте иіс тиген 15 оқушы мен 1 мұғалімнің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазір оқушылардың да, мұғалімнің де жағдайы жақсы, сабаққа қатысып жүр.


08 қазан 2018 г. 2 134 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 41 663 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 28 358 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930